Теңізші
Теңізші мамандығы әр нәрсеге әуесқой, елгезек, ержүрек балаларды ерте замандардан бері қызықтырумен келеді.
Теңізші мамандығы өте қиын да қатерлі болды. Аспан айналып жерге түскен ыстықта да, сақылдаған сары аязда да, көзге түртсе көргісіз тас қараңғыда* да, аяғының асты көрінбейтін соқыр тұманда да, сұрапыл дауылдарда буырқанған таудай толқындар кемені көкке атып, қақпақыл ойнаған сәттерде де теңізші өз орнында, жұмыс үстінде болады. Сондықтан теңізшілер өжет, батыл, өз ісіне тиянақты болуы қажет.