Күрделі сөз

· Тақырыбы бойынша мәтін мазмұнын болжаймын.
· Күрделі сөз түрлерін ажырата аламын.

19. Мәтіннің тақырыбы бойынша оның мазмұнын болжа. Содан соң мәтінді мұқият тыңда.

Хиуаз

  Хиуаз жасынан қағілез, бірбеткей*, еркін, намысшыл қыз болып өсті. Өз құрбылары сияқты қуыршақпен ойнауға, әткеншек тебуге қызықпады. Ол әкесі айлық еңбекақысын алған сайын кітап сатып алуды әдетке айналдырды. Хиуаз оқуға өте алғыр болып, алтыншы және жетінші сыныптарды бір жылда бітіріп шықты.
  Ұшқыш болуды армандаған қайсар қыздың шешіміне әке-шешесі қарсы болмады. Ол Мәскеудегі Жуковский атындағы әскери әуе академиясына барып бағын сынады. Жолы болмаған жас қыз мединституттан алған білімімен тылда еңбек етті.
  Болашағын әуелеген бұлттар арасынан көрген «қанатты қыз» аэроклуб оқуына жазылды. Сүп-сүйкімді қазақ қызының алғырлығы мен қайсарлығына қызыққан атақты ұшқыш Марина Раскова Хиуазды ұшу өнеріне баулыды.

«Айгөлек» журналынан

Хиуаз Доспанованың «Халық қаһарманы» дәрежесіне жетуіне қандай қасиеттері көмектесті деп ойлайсың?
Ұшқыш болу үшін адамда қандай қасиеттер болуы керек деп есептейсің?
Дереккөздерден Хиуаз Доспанова туралы мәлімет жинап, сыныптастарыңа таныстыр.

20. Сөздерді оқы.

Бір, беткей, еңбек,
ақы, ұшқыш, болу,
әке, шеше, әскери,
әуе, академия, ұшу,
өнер, медицина, институт.

Бірбеткей, еңбекақы,
әке-шеше,
әскери-әуе академиясы,
ұшу өнері, мединститут.

  Екі бағандағы сөздерді салыстыр. Оларға сұрақ қой. Сонда не байқадың?
  Екінші бағандағы сөздердің жазылуына назар аудар, мағыналарын түсіндір. Сөздерді көркем жаз.

  Екі немесе одан да көп түбірден жасалған сөзді күрделі сөз дейміз: Ақтөбе, ата-ана, мединс- титут, әскери-әуе академиясы, еңбекақы.

21. Сызба бойынша күрделі сөз туралы ой қорытындысын жаса.

ұшу өнері

не?

еңбекақы

не?

он бес-жиырма

қанша?

мединститут

не?

Мединститутта қандай болашақ мамандар даярланады?
Сызбадағы сөздермен бірнеше сөйлем құрастырып жаз. Күрделі сөздердің астын сыз.

22. Тіркескен сөздерді оқы.

  Үздік оқушы, ағаш көпір, жүйрік ат, шұбар ала, он бес, оқып жүр, самал жел, қызық кітап.
  Күрделі сөздерді теріп жаз, олардың қай сөз табынан жасалғанын айт.
  Күрделі сөздің сөз тіркесіне ұқсастығы мен айырмашылығы неде екенін дәлелде. Ол үшін төмендегі кестені пайдалан:

23. Өзің сияқты оқушының жазғанын оқы. Ұшқыш болу үшін тек білімді болу жеткілікті
ме? Қай сөйлемдерде дұрыс емес фактілер кездеседі? Сен қалай түзер едің?

  «Кім боламын?» деген сұрақтың жауабын тапқан сияқтымын. Қазір асығып жүретін адамдар көп. Соларды баратын жеріне тез жеткізетін ұшақты басқарғым келеді. Әрине, ол үшін білім керек. Мен қазірден бастап жақсы оқып, мектепті, жоғары оқу орнын үздік бітіруді мақсат еттім. Біліміме сенсем – ұшқыш боларым сөзсіз.

×
×

Корзина