УАҚЫТТЫ ҚАЛАЙ АНЫҚТАЙМЫЗ?

      «Уақыт» ұғымы әрбір адамның өмірінде кездеседі. Бәлкім, өзің де «уақыт жоқ», «бәрін істеп үлгеруім керек» деген сөздерді жиі естіген боларсың?! Адам бәрін уақытында істеп, бәріне үлгеру үшін сағатты ойлап тапты.

     Алғашқы сағаттарды үш жарым мың жыл бұрын ойлап тапқан. Олар күн сағаттары еді. Арнайы орнатылған нұсқағыштан түскен көлеңке уақытты көрсететін. Бірақ бұл сағаттардың бір кемшілігі болды: оларды бұлтты күндері және түнде пайдалануға болмайтын еді. Қалай ойлайсың, неліктен?

      Кейінірек су және құм сағаттары пайда болды. Алайда олардың бәрі уақытты дұрыс көрсете алмады, себебі кемшіліктері көп еді.

      Қазіргі сағаттар секунд, минут, уақытты көрсетеді. Адамдар ұзақ мерзім аралығын есептеу үшін күнтізбені ойлап тапты. Күнтізбелер бір жылға есептеліп, күн және ай бойынша есеп жүргізеді.

     Сен сағатқа үйреніп алғаның сонша, оларды елемейтін де шығарсың?! Сенің қалаңда (ауыл, елді мекен) сағаттардың кенеттен жоғалып кеткенін елестетіп көрші. Сонда не болар еді? Шағын әңгіме құра.

    Ғаламтордан сағат пен күнтізбенің тарихы туралы мәліметтерді тауып оқып, жақындарың және достарыңмен бөліс.

Өзің қазіргі кездегі қандай сағаттарды білесің? Айтып бер.

1. Күнтізбе жоқ, адамдар оқи алмайтын заманда қандай да бір жыл мезгілінің келгенін өзіне тән белгілеріне қарап білетін болған. Оларды ата.
2. Төмендегі фотосуреттерде қандай жыл мезгілдері бейнеленгенін тап.
3. Жыл мезгілдерін қандай белгілеріне қарап білдің? Айтып бер.

1. Жыл неден тұрады?
2. Бір жылда қанша күн, ай, мезгіл бар?
3. Апта күндері мен ай, мезгілдерді ата.

       Қазір қабырғаға ілетін әсем безендірілген күнтізбелерді шығарады, онда әр ай әдемі фотосурет не суреттермен беріледі. Сенде күнтізбе жасай аласың. Онда әрбір ай мен ауа райына сәйкес табиғат көрінісі бейнеленген фотосуреттерді немесе жыл мезгілдеріне арналған өз суреттеріңді орналастыра аласың.

×
×

Корзина