«Тектілік» сөзінің өзі «тек» сөзінен шығады. Біздің әрқайсысымыздың тегіміз көнеден бастау алған ежелгі бір ру-тайпаның ұрпағы. Адамдар өз ататегін таратқанда бір атадан өскен әулеттің ұрпақтарының тізбесін жасайды. Көптеген халықтар шежірені тармақталған ағаш бұтақтарына балайды.
Қазақ халқы әулеттің шығу тегі мен таралуын шежіре деп атайды. Қазақ халқы ататегін ерлер тарапынан, яғни әке жағынан таратады. Салт-дәстүрге сай жеті атасын білу аса маңызды. Жеті атасын білу тектілік деп саналады.