Кейде суретшіге өз ойын белгі-нышанмен білдіру қызығырақ көрінуі мүмкін. Сен қандай да бір түсінік пен құбылысты білдіретін шартты белгі символ деп аталатынын білесің. Адамдар ерте кезден бастап көптеген символ ойлап тапқан. Олардың мәнінің ортақтығы соншалықты, тіпті әр тілде сөйлейтін адамдар тез-ақ түсінеді. Мысалы, ағаш тіршілік пен өмірді білдіреді. Ол түркі халықтарында ата-баба шежіресінің символы болып есептеледі. Құс – аспанның, балық – судың, жүрек – сезімнің белгісі. Қазақ ұлттық ою-өрнектерінің бәрінің терең мағынасы бар.