Сусыз өмір жоқ. Жер бетіндегі алғашқы тірі ағзалар суда пайда болған. Ежелгі өркениеттің бәрі су айдынының – өзен, теңіздердің жанынан табылды. Қалай ойлайсың, неліктен?
Судың әртүрлі қалпы бар. Жаңбыр, ұлпа қар, өрнекті қар ұшқыны, күнге шағылысқан сүңгі, шәйнектің буы, мұзайдындағы мұз – мұның бәрі су.