Елді мекендер қандай болады?

– елді мекендердің түрлерімен танысасың.
– қала мен ауылдың айырмашылығын салыстыруды үйренесің.

  95-беттегі картаға қара. Қазақстан аумағындағы республикалық маңызы бар қалаларға Астана мен Алматы жатады. Оларды картадан тап.

  Елді мекендер қалалық және ауылдық болып бөлінеді. Қала – 12 мыңнан астам адам тұратын елді мекен. Бүгінгі күні Қазақстанда 87 қала бар.

Өзің анықта

  1. Ауыл – бұл ………….. ………….. адам тұратын елді мекен. Ауыл тұрғындары …………………. шаруашылығымен айналысады.
  2. Ірі қалалардың тізімін дәптеріңе жалғастыр:
  Облыс орталықтары: Атырау, Орал, ……
  Теміржол өтетін қалалар: Ембі, Қандыағаш, ……
  Курортты қалалар: Сарыағаш, …..

  Қалалар ірі, үлкен, орта және кіші болып бөлінеді. Олар көлеміне қарай ажыратылады. Астана мен Алматы қалаларында 1 миллионнан астам адам тұрады. Қарағанды, Шымкент – ірі қалалар.

  Сенің қалаң немесе облыс орталығың қандай қала түріне жататынын анықта.

  Үлкен қалалар өзінің көріктілігімен ерекшеленеді. Суреттерге қара. Аталған қалалардың қандай көрікті жерлері бейнеленгенін анықта.

Астана – Қазақстанның астанасы

Қостанай – облыс орталығы

Ақтау – портты қала

Қала мен ауылды салыстыр.

  Жұптасып қала ойынын ойнаңдар. Бір оқушы облыс орталығын атайды. Екіншісі картадан аталған қаланы және облыс орталығын көрсетеді.

  Мен қоныс аударғым келеді. Бірақ, ауылға немесе қалаға көшуді шеше алмай отырмын. Сендер мені қайда көшуге үгіттер едіңдер? Оған қандай дәлелдерің бар?

  Мынадай қиял-ғажайып жағдайды елестет. Жер бетінде ешбір қала қалмаса, адамдардың өмірі қалай өзгерер еді?

×
×

Корзина