Астрономиялық белгілер бойынша қалай бағдарлауға болады?

– астрономиялық белгілер бойынша көкжиек тұстарын анықтауды білесің.
– күнсағат үлгісін жасауды үйренесің.

  Жергілікті жерді бағдарлау деген не?
  Бейтаныс жерде адасып кетсең, үйге баратын жолды қалай табасың? Жергілікті жердің қандай белгілері саған жол табуға көмектеседі?

  Астрономия – Күн, Ай, жұлдыз сияқты аспан денелерін зерттейтін ғылым. Күн жүйесінің ортасында Күн орналасқан. Күн жүйесіне Меркурий, Шолпан, Жер, Марс, Юпитер, Сатурн, Уран, Нептун кіреді. Біз мекен ететін Жер планетасы – Күн жүйесіндегі үшінші планета. Күн көзінің жарығы – Күннен тараған сәуле (жылу). Жарық пен жылудан өсімдік өседі. Күн көзі – тіршілік иесі ғана емес, жақсы бағдаршам. Күн арқылы бағытыңды дұрыс таба аласың.

  Суретке қара. Көкжиек тұстарын Күн арқылы қалай анықтауға болатыны туралы әңгіме құра.

ЖҰЛДЫЗҒА ҚАРАП БАҒДАРЛА

  Кеме капитандары ашық теңіз үстінде, керуеншілер даладағы керуен жолында ертеден-ақ жұлдыздарға қарап бағытын бағдарлай білген.
  Темірқазық жұлдызы әрдайым солтүстік бағытты нұсқайды. Темірқазық жұлдызын түнгі аспаннан табу қиын емес. Нобайы шалқасынан жатқан шөміш тәрізді Үлкен Жетіқарақшы жарқыраған, жеті жұлдыздан тұрады. Үлкен Жетіқарақшының екі шеткі жұлдызын ойша жүргізілген сызықпен қос. Осы екі жұлдыздың арақашықтығын жоғары қарай – сол бағытымен бес есе созсаң, Кіші Жетіқарақшының шеткі ең жарық жұлдызына тіреледі.
  Ол – Темірқазық.

  Суретке қара. Темірқазық бойынша көкжиектің тұстарын қалай анықтауға болатынын әңгімеле.

  Өз күнсағатыңды жасап, қажетті ақпаратты сыныптастарыңмен бөліс.

  Өзіңнің сүйікті кейіпкеріңнің саяхаты жайлы жоспар бойынша әңгіме құрастыр.
1. Әдеби кейіпкер.
2. Қайда, не үшін сапар шекті?
3. Қандай көлікпен?
4. Жол үстіндегі бағытын анықтауға оған не көмектесті?

  Турист тек табиғи бағдармен ғана өз бағытын анықтай ала ма? «Иә» немесе «жоқ» деп жауап беруге дәлел тап.

×
×

Корзина