Менің отбасымның рухани құндылықтары

– «туған үй», «отбасы» ұғымдарының мәнін білесің.
– отбасы құндылықтарын сақтаудың маңыздылығын үйренесің.

  «Отбасы» сөзін естігенде сенің ойыңа не келеді?
  Материалдық және рухани құндылықтарға не жатады? Қалай ойлайсың, адамдарға олардың қайсысы қымбат?

  Отбасы – туысқан, жақын адамдардың бірге өмір сүретін ортасы. Оның рухани және материалдық болып бөлінетін отбасылық құндылықтары бар.

  Адамдар рухани құндылықтың бағасын о баста түсінбегендігі жайлы аңыз бар: «Үлкен бір отбасында ынтымақ болмапты. Ұрыс-керіс пен дау-дамайдан арыла алмапты. Олар бір күні данагөй ақсақалға келіп, өздерін береке-бірлікте өмір сүруге үйретуін өтініпті. Ақсақал: «Ешкім сендерге бақытты өмір сүруді үйрете алмайды, бақытты болу үшін өздеріңе не керек екенін жазып келіңдер», – депті. Бұл отбасының мүшелері кеңесе келіп, бірнеше сөз жазыпты». Ол қандай сөз болуы мүмкін? Ойлан.

Анықтауды үйрен

Ұсынылған сөздердің арасынан отбасының берекесін арттыратын бес құндылықты таңда. Өз қалауыңды түсіндір: махаббат, қайырымдылық, төзім, даналық, түсіністік, достық, жанашырлық, сенім, қамқорлық, сыйластық, сабырлылық

  Рухани құндылықтарды мәңгілік құндылықтар деп те атайды. Негізгі отбасылық құндылық – адамдарды бір-біріне жақындастыра түсетін өзара құрмет пен сүйіспеншілік.

МЕН ХИКАЯШЫМЫН

  Әр отбасының ұрпақтан ұрпаққа жалғасатын өзіндік салты мен дәстүрі бар.
  Өз отбасыңдағы дәстүрлермен бөліс.

  Суретке мұқият қараңдар. Бұл отбасы туралы не айта аласыңдар?

– Бұл отбасында қанша адам бар?
– Осы отбасының мүшелері туралы не айта аласың? Олар туралы шағын әңгіме құрастыр.

ЕСІҢДЕ САҚТА!

  Біздің еліміздің отбасына қатысты заңдары:
  1. Неке мен отбасы, әке, ана және бала мемлекеттiң қорғауында болады.
  2. Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу – ата-ананың табиғи құқығы әрі мiндетi.
  3. Кәмелетке толған еңбекке қабiлеттi балалар еңбекке жарамсыз ата-анасына қамқорлық жасауға мiндеттi.
  Бұл баптарға тағы қандай сөйлемдер қосар едіңдер?

  Әрбір отбасында отбасылық фотосуреттер бар. Олар бізге отбасындағы адамдар туралы түрлі қызықты оқиғалар мен естеліктерді еске түсіреді.

  Сен ата-анаңның қалай танысқанын сұрап біл.

×
×

Корзина