ҰЛТТЫҚ ОЮ-ӨРНЕКТЕРДЕГІ СУ БЕЛГІСІ

      Судың адам тіршілігі үшін маңызы зор болғандықтан, Ежелгі Грекия өнерінде cудың символдық бейнесі пайда болған. Сәулет өнерінде, киім-кешек, ыдыс-аяқтарда өзен аттас «меандр» деп аталатын өрнек болды. Өрнекте өзеннің иірімді жағасы мен су ағыны бейнеленген. Сан ғасыр өтсе де, бұл өрнек түрі Грекиядағы ғана емес, басқа елдердегі бұйымдарға да сән беріп тұр.Аталған өрнек негізінде басқа өрнектер пайда болды. Оны әр халықтың қолөнерінен көре аласың.

      Толқын тәрізді өрнекті ұлттық ою-өрнектерден де кездестіруге болады. Ол «бітпес» деп аталады. Бұл өрнек түрімен кілем, текемет, сырмақ, киім, ыдыстарды әшекейлейді.

       Ғаламтордан су туралы қызықты мәліметтерді тауып оқып, жақындарың және достарыңмен бөліс.

×
×

Корзина