Ресми емес нышандарға жануарлар, өсімдіктер, заттар жатады.
Мысалы, жусан өсімдігі туралы да халық аңыздары бар. Ұзақ сапарға шыққан жолаушы жусанның бір сабағын тұмардай сақтап жүрген. Дала жусанының иісі жолаушыға туған жерін есіне салатын болған.
Көкке самғаған қыран – еркіндіктің нышаны. Мемлекеттік Туда дала қыранының бейнеленуі осыны меңзейді.