Отбасының берекесі бәрінен де қымбат

– отбасындағы келісім – берекенің кепілі екенін білетін боласың.
– отбасылық бақыттың құпиясы неде екенін үйренесің.

  Бақытты өмір сүруге қажеттіліктерді өз түсінігіңе сай, мәнділігіне сәйкес нөмірле..

  Отбасы – біздің өміріміздегі ең басты құндылық. Егер біздің басымызға жамандық, қиындық және бақытсыздық төнсе, бізді кім тыңдайды, кім көмек береді, сабырға шақырып, ақылын айтып, кім қорғайды? Біз бірінші көмекті және ақылды кімнен сұраймыз? Неліктен?

  Суреттерге қара. Бұл отбасындағылар бақытты ма? Онда бейнеленген жағдайларды талқыла.

  Отбасының жылуы әрбір отбасы мүшесінің үлесінен құралады. Тату отбасында бірін-бірі түсіне де, кешіре де алады. Үлкендер мен балалардың өзара сүйіспеншілігі мен сыйластығы орныққан отбасылар бақытты әрі берік болады.
  Үй ішіндегі келісім мен тыныштыққа отбасының әрбір мүшесінің көңіл күйі мен мінез-құлқы әсер етеді.
  Бүкіл әлемдегі бейбітшілік – әрбір адамның шағын отбасындағы тыныштығынан бастау алады.

  Ата-анаң отбасында атқарылатын істі саған жүктесе, сен не істер едің?

  1. Сенің ата-анаң қонаққа жиналып жатыр, саған ыдысаяқты жуып, кіші ініңе (қарындасыңа) қарап қалуыңды өтінді. Сенің олай істегің келмейді. Не істейсің?
  2. Сен жаттығудан келдің, әкең мен анаң үйде жоқ. Кіші қарындасың сабаққа дайындалуға көмектесуіңді сұрайды, оған қоса асүйде шыныаяқты сындырып алған. Бұл жағдайда сен не істер едің?
  3. Жоспар бойынша «Сиқырлы сөз» тақырыбында әңгіме құрастыр.

1) Қария ашуланып отырған баланы жолықтырды.
2) Бала қарияға не үшін ашуланғанын, қарындасымен және ағасымен қалай ренжіскенін айтып берді.
3) Қария оған «сиқырлы сөзді» үйретті.
4) Бала қарындасы мен ағасына осы «сиқырлы сөзді» айтып, сынап көрді.
5) Барлығы орнына келді.
6) Ол қандай «сиқырлы» сөз еді?

  «Отбасылық бақыттың құпиясы» тақырыбында жоба құрастыр.

×
×

Корзина