Қазақ жерінің даңқты хандары

– Қазақ хандарының немен айналысқанын;
– біз оларды не себепті құрмет тұтатынымызды білетін боласың.
– ел билеген хандар туралы өлең құрастырып, олардың тарихи таңбаларын салуды үйренесің.

  Қазақ жеріне билік жүргізген хандаржайлы әңгімелеп бер. Хандардың ең маңызды қандай ісін сен алдыңғы орынға шығарар едің? Не себепті?

  Қазақ хандығында көптеген хандар билік құрды. Алайда сен бүгін олардың тек үшеуі жайлы ғана оқып білесің.

  Картаға қара. Керей мен Жәнібек билеген замандағы қазақ елінің аумағын тап. Қасым ханның заманындағы Қазақ хандығының жерлерін көрсет. Салыстырып, қорытынды жаса.

  Қасым хан – қазақ жерінің іргесін бекітті. Ол қазақтардың Жайықтан Балқашқа дейінгі ежелгі жерлерін біріктіріп, билік жүргізді.
  Жәңгір хан – өз Отанын қорғаған батыр. Ол шығыстан шапқыншылық жасаған жоңғарларға қарсы ерлікпен соғысып, Орбұлақ шайқасында 600 жауынгермен және көмекке келген Жалаңтөс батырдың әскерлерінің көмегімен өзінен күші басым жаудың 50 мың қолын жеңді. Бұл – тарихта сирек кездесетін, аса даңқты жеңіс.
  Әртүрлі дереккөздерден Орбұлақ шайқасында жаудың саны қанша есе артық болғандығын, Жәңгір хан басқарған қазақ жасағының жауды қалай жеңіп, жеңіске жеткендіктерін тауып оқыңдар.
  Тәуке ханның тұсында «Жеті жарғы» заңдар жинағы құрастырылды. Тәуке ханның билігін қазақ тарихындағы «алтын ғасыр» деп атайды.
  «Алтын ғасыр» ұғымын естігенде сенің ойыңа не келеді? «Жеті жарғы» заңының қабылдануы мен «алтын ғасырдың» арасында байланыс бар деп ойлайсың ба?

– Жауды санымен емес, ақыл-айласымен жеңген.
– Қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заман.
– Туған жерім – тал бесігім.

  1. Сен рәміздердің не екенін білесің. Қасым хан, Жәңгір хан, Тәуке хан замандарына лайықты сурет түріндегі рәміз ойлап тап.
  2. Хандардың есіміне орай шумақ құрастыр.

  Мен өз ата-бабамды мақтан тұтамын себебі, …

СЕН БІЛЕСІҢ БЕ?

  Қазақ хандары ұлы жиһангер Шыңғысханның ұрпағы, сондықтан оларды «төре тұқымы» деп атайды.

×
×

Корзина