Табиғи ортада қандай қауіп-қатерлер бар?

– күнделікті өмірде қауіп тудыратын жағдайларды білетін боласың.
– табиғатта болатын түрлі қауіптерден қалай сақтануға болатынын үйренесің.

  Қоршаған табиғи ортаның көптеген құбылыстары адам өміріне қауіп төндіруі мүмкін.
  Сызбаға қарап, қауіпті жағдайлардың туындауын түсіндір.

ҚАУІПТІ АЙМАҚ

Табиғи

Техногендік

Экологиялық

Адамның іс-әрекетіне тәуелді емес: ұрғақшылық, су тасқыны т.б.

Адамның іс-әрекетіне байланысты: өрттің шығуы, қоршаған ортаның астануы т.б.

  Жер сілкіну, жанартау атқылауы, көшкін, боран, құрғақшылық, тасқын, өрт табиғатта жиі қайталанатын «табиғи қатерлер» деп аталады.

  Табиғи қатерлердің болу себебі неден деп ойлайсың?

  Көптеген қауіпті жағдайлар адамның әрекетіне де байланысты. Зауыттардың, фабрикалар мен көліктің жұмыс істеуі зиянды қалдықтардың бөлінуіне әкеледі. Олар қоршаған ортаға ауаны, суды, топырақты ластайтын қалдықтар ретінде таралады. Осылайша, адамның өмір сүру ортасы ластанады.

Біз мұндай қауіпқатерлердің алдын алып, сақтануымыз керек!

  Әртүрлі дереккөздерді пайдаланып (қосымша әдебиет, Интернет желісі), табиғи ортадағы қауіп-қатерлерді анықтап, бағалаңдар:

– қыс мерзімінде табиғат аясына шыққан кезде;
– көктемде табиғат аясына шыққан кезде;
– жазда табиғат аясына шыққан кезде;
– күзде табиғат аясына шыққан кезде.

  Қауіп-қатерден өзіңді қорғаудың ережесін құрастыр.

1. Өз жақындарыңның төтенше жағдайларға кездескен сәттері болды ма? Сұрап біл.
2. Төтенше жағдайда не істеу керектігі және қайда хабарласу қажеттілігі жайында сұра.
3. Әрбір адам өз өмірінің сақталуы мен жақындарының амандығы үшін жауапты. Ол туралы айтылған мақал-мәтелдерді тап.

×
×

Корзина