Мен және қоғам

– қоғамда нені жасауға болатыны, нені жасауға болмайтыны туралы білетін боласың.
– қоғамдық орындарда өзін-өзі ұстау ережелерін құрастыруды үйренесің.

  Бұл топтамада ненің артық екенін анықта. Не себепті?

  Қоғам – бұл мүддесі мен мақсаты бір адамдардың бірлестігі.
  Адам дүниеге келгеннен бастап белгілі бір қоғамда өмір сүреді. Адам үшін отбасы, мектептегі сыныбы, колледждегі тобы, жұмыстағы ұжымы, достары мен құрбыларының маңызды орны бар. Әр адамды көпшілік ортада өзін қалай ұстауы керек деген мәселе әрқашан толғандырады.

  Көпшілік орындағы жағдайға сенің көзқарасың қандай? Қоғамдық орында нені істеуге болады, ал істеуге болмайтын әрекеттер қандай?

  Балалардың қайсысының пікірі дұрыс? Неліктен?

Мектеп ішіндегі сынып, асхана, спортзал қай жерде орналасқанын білу жеткілікті.

  Мектепте, көшеде, қоғамдық орындарда өзіңді дұрыс ұстай білу өте маңызды.

  1. Жұптаса жұмыс істеп, сұрақтарға жауап бер, мысалдарды таңдап ал.

  1) Мәңгілік рухани құндылықтарға адамның бойындағы адамгершілік, әділдік, ізгілік сияқты қасиеттер жатады. Олар адамның бүкіл өмір тәжірибесінде жинақталған. Неліктен олар мәңгілік деп ойлайсың?
  2) Ойланбай іс жасама! Өз сөзің мен ісіңе адал бол. Ол сенің болашақ тағдырыңды анықтауы мүмкін. Бұл сөздерді сен қалай түсінесің? Мысал келтір.
  3) Алған біліміңе сай іс жаса. Сонда ғана істеген ісің нақты болады. Осылай жаттығып үйрен. Неліктен қолданылмаған білім артық салмаққа айналады?

  2. Қиын мәселелерді шеш.

Әкесіне жүгінген жас өрен
Қояр сұрағы бар терең:
Жақсы деген немене?
Жаман деген немене?

3. «Өзіңді ұстай біл» сахналық көрінісін ойна.

4. «Қоғамдық орындардағы тәртіп ережесі» тақырыбында постер құрастырыңдар.

  Қоғамда қолайлы өмір сүру үшін әрбір әріпке қажетті сипаттарды ойлап тап.

Қ О Ғ А М

×
×

Корзина