Бірінші бөлім бойынша тест тапсырмалары

  1. Қазақтардың егіншілікке жаппай көшуі басталды:

  А) ХХ ғасырдың басында
  В) ХІХ ғасырдың басында
  С) ХІХ ғасырдың ортасында
  D) ХVІІІ ғасырдың басында
  Е) ХVІІІ ғасырдың соңында

  2. Көшпелі малшаруашылығы Ұлы дала тұрғындарының тіршілігін қамтамасыз етудің дәстүрлі жүйесі ретінде қалыптасты:

  А) табиғи-географиялық фактордың әсерінен
  В) малшаруашылығының артта қалуынан
  С) жұт пен аурулар кесірінен
  D) жылқыны қолға үйретуден
  Е) халық санының өсуінен

  3. Ежелден егіншілік дамыған Қазақстанның негізгі аймақтары:

  А) Солтүстік Қазақстан мен Жетісу аумағы
  В) Орталық және Солтүстік Қазақстан өлкесі
  С) Батыс пен Шығыс Қазақстан өңірі
  D) Орталық және Шығыс Қазақстан аймағы
  Е) Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу жері

  4. Уықты иетін құрылғының атауы:

  А) атпа
  В) тез
  С) үскі
  D) шігір
  Е) мөр

5. Көшпелі өмірге бейімделген, ерте заманнан келе жатқан көшпелілердің баспанасы:

  А) там
  В) киіз үй
  С) сарай
  D) жертөле
  Е) қақыра

  6. Араб географы әл-Макдиси бұл қала туралы былай деп жазды: «Жеті қабырғамен қоршалған үлкен қала, оның рабады бар, мешіт ішкі қалада орналасқан». Қай қала туралы айтылған:

  А) Сауран
  В) Сайрам
  С) Түркістан
  D) Сығанақ
  Е) Отырар

  7. Ұлы Жібек жолын қалпына келтіру бағдарламасын әзірлеу және іске асыру жөніндегі түркі тілдес мемлекеттер президенттерінің бірлескен декларациясы қабылданды:

  А) 1996 ж. Ташкентте
  В) 1997 ж. Алматыда
  С) 1998 ж. Бішкекте
  D) 1995 ж. Душанбеде
  Е) 1994 ж. Ашхабадта

  8. Ірі бай шаруашылығын тәркілеу туралы Декрет қабылданды:

  А) 1921 жылы
  В) 1924 жылы
  С) 1928 жылы
  D) 1939 жылы
  Е) 1941 жылы

  9. Түркістан–Сібір теміржолы салынды:

  А) 1921–1936 жылдары
  В) 1924–1931 жылдары
  С) 1927–1930 жылдары
  D) 1939–1943 жылдары
  Е) 1946–1952 жылдары

  10. Қазақстан Республикасының ДСҰ-ға кірген жылы:

  А) 2000 жылы
  В) 2001 жылы
  С) 2014 жылы
  D) 2015 жылы
  Е) 2019 жылы

×
×

Корзина