1. Қағаз парағын екіге бүкте. Ол қалай бүктеледі? Бүктелген тұсында сызық қала ма ? Компьютер тінтуірінің астындағы резеңке кілемшені бүктеп көр. Одан қандай өзгеріс байқайсың? Қорытынды шығар . 2. Қағазды қолыңмен умаждап, қайта тегісте. Қағаз қандай күйге түсті? Қағазды жылы үтікпен үтікте. Алдыңғы қалпына келді ме? Резеңке кілемшені бүктесең қалай болады? Оның сыртқы түрі өзгере ме? Қорытынды жаса. 3. Салфетка, жұқа қағаз парағын, қатырма қағаздың азғана бөлігін жыртып көр. Қайсысы оңай жыртылады? 4. Салфетка, жұқа қағаз парағы мен қатырма қағазды сула . Қайсысы суды тез сіңіреді ? Қағаз кепкен соң бұрынғы қалпына келе ме? Қорытынды жаса . Қағазбен жұмыс істегенде оның қасиеттері туралы біліп ал .