Фотосуреттерге альбом жасаймыз

     Қолдан ал ьбом жасау өнері скрапбукинг деп аталады. Сенің фотосуреттерің көп болар ?! Олар жоғалмас үшін арнайы альбом жаса . Ата -анаң саған альбом жасауға көмектессін. Алдымен шағын альбом жаса. Оған 8–10 бетті альбом парағы жеткілікті .

   Саған түсі алуан түрлі қатырма қағаз , қайшы, сызғыш, желім, жібек лента немесе бау ,  біз не тескіш керек.  

   Өлшемі шамам ен 15х20 см болатын түрлі түсті қатырма қағаз парақтарын дайында.    Сол жақ жиегінен 3 см өлшеп, тік сызық жүргіз. Төмен қарай 8 см етіп өлше де, нүкте қой. Осы нүктеден 4 см төмен тағы бір нүкте қой. Басқа қағаз парақтарына да осылай жаса.

Үлкендерден біз немесе тескішпен нүктенің үстінен тесіп беруді сұра . Қағаздарды бірінің үстіне бірін жинақтап, тесіктерге лента не бауды өткіз. Оны гүлдеп байла .         Өң беті мұқабасы болатындықтан, оны әшекейлеу керек.                                             

1. Қағаз тағы қай жерде пайдаланылады? Мысал келтір.

2. Қағазды неден жасайтынын білесің бе?

                                              Альбом мұқабасын әшекейлеу үлгілері                                              

×
×

Корзина