Шарты: Оқушылар бес топқа бөлінеді: «Адам – адам», «Адам – белгі жүйесі», «Адам – техника», «Адам – табиғат», «Адам – өнер». Қазылар алқасы (екі оқушы) топтардың көрсе тілімдерін бағалайды.
Ойынның бірінші өлімінде әр топ сөздіктен өз мамандығына сай екі мамандықтың атын тауып, пантомима түрінде (әуен , музыка немесе музыкалық аспаптарды, пластикалық қимылдарды, би, сурет және т.б. көмегімен) көрсетеді. Қалған топ көрсе тілім бойынша мамандықтың атын іздеп табады.
Ойынның екінші бөлімінде әр топ тез арада аралас тұрған әріптерден мамандық атын тауып, суырыпсалма әуенімен қосып, қалаған ырғақпен шапалақтап, жауап береді. Мысалы:
Оқушыларға білім беретін кім? | ҒЛАМҰІМ | мұ – ға – лім |
Ұшақты ұшыратын кім? | ШҚҰШЫ |
Нан пісіретін кім? | ШНАБЫАЙУ |
Ғарышқа ұшатын кім? | АРЫКШҒРЕ |
Етік тігетін кім? | ІШКЕТІ |
Пойыз жүргізетін кім? | ШИМТАНИС |
Музыка жазатын кім? | РОКОМОТЗИП |
Домбыра тартатын кім? | МДОШЫБАРЫ |