Жұмыс барысы
1. Дайындалған қырыққабат шырынын дистилденген сумен 10 есе сұйылтып, 5 сынауыққа (шамамен 0,5–1,5 мл-ден) құйыңдар. Басқа 5 сынауыққа сумен 2–3 есе сұйытылған картоп шырынын құю қажет.
2. 2 сынауыққа тигельде немесе су моншасында қайнатылған қырыққабат және картоп шырынының ерітіндісін құямыз.
3. Қалған сынауықтарға қолда бар реагентті (мыс тұзын және кір жуатын ұнтақ ерітіндісін) құйыңдар. Барлық сынауықта шырын мөлшері бірдей болуын және реагент мөлшері шырынның 1/2 бөлігінен асып кетпеуін қадағалаңдар.
4. Әрбір сынауықтарға 5 тамшыдан сутек пероксидін тамызамыз. Сынауықтардағы заттарды араластырыңдар.
5. 3–15 минут бойы ерітіндідегі өзгерістерді (түсі, көпіру) бақылаңдар. Алынған мәліметтерді кестеге жазыңдар.
6. Берілген сұрақтарға жауап беруге тырысып көріңдер.
1. Қайнаған соң фермент белсенділігінің тоқтау механизмі олардың ПАВ-пен не ауыр металдардың тұздарымен әрекеттескен соң белсенді болмау (иммобилизация) механизміне ұқсас деп есептейсіңдер ме?
2. Сендердің «ферменттің белсенді орталығының» әдеттегі субстратқа қарағанда басқа затпен әрекеттесуі туралы түсініктерің қалай сәйкес келеді?
3. Ауыр металл тұздарының химиялық құрамбөліктері «ферменттің белсенді орталығына» тұруы мүмкін бе?
4. Зертханалық жұмыс барысында алынған эксперимент мәліметтерін пайдаланып, оны дәл анықтауға болады ма?
5. Егер «ферменттердің белсенді орталығына ұқсастық» ауыр металдардың тұздарында оттекке қарағанда жоғары десек, олар ағзаға түскен кезде қалай болады?