№2 зертханалық жұмыс. «Әртүрлі өсімдік жасушаларындағы фотосинтездеуші пигменттердің мөлшерін зерттеу»

Маңызды! Ацетон, бензин мен спирттің булануы қауіпті болғандықтан, мұғалім жұмысты көрнекі түрде жүргізеді. Қолданылған реактив мөлшері 1 мл-ден аспауы тиіс. Жұмысты жүргізген кезде бөлмені желдетуді ұмытпаңыз.

Мақсаты: Әртүрлі өсімдік жасушаларында фотосинтездеуші пигменттердің болуын зерттеу.

Материалдар мен құрал-жабдықтар: 1) 2-3 өсімдік жапырағы (элодея, амариллис, традесканция, пеларгония немесе сыныпта бар басқа өсімдік); 2) қайшы және қыш (керамикалық) келі (болса майдаланған шыны ұнтағы); 3) реактивтер: этил спирті, бензин (түссіз), ацетон 80%; 4) зертханалық сынауықтар, Петри табақшасы (диаметрі әртүрлі; 2 дана), құйғыш (воронка); 5) сүзгі қағазы.

  Жұмыс барысы

  Зерттелетін өсімдік жапырағын (жеке, араластырмай) алдымен қайшымен майдалап, сосын келіде ұнтақталған шынымен немесе шынысыз езеді.
  Әр өсімдіктен жасалған ботқа массасын жеке колбаға немесе сынауыққа құйып, спирт (спирттің ацетонмен қоспасын) қосады. Жақсылап араластырып, таза сынауыққа құйғыға салынған сүзгі қағазы арқылы сүзеді.
  Ескерту: әрбір өсімдіктің ботқа массасына сүзгі қағазын ауыстыруды және жеке ыдысты – сынауықты пайдалануды ұмытпау керек. Сүзгі қағазының орнына салфетканы немесе қағаз сүлгіні пайдалануға болады.

  Сүзгі қағазынан дөңгелектеп кесіп алып (дөңгелек саны зерттелетін өсімдік санына тең болуы тиіс), Петри табақшасынан кішкентай ернеуге оңай орналастыратындай болуы керек. Дөңгелекте paдиусы бойынша ортасына жеткізбей екі кесік жасап, алынған «тілшені» сәл төменге қарай қайыру қажет (суретті қараңдар).
  Пигментті массаны алдымен жақсылап шайқап алып, кейін тамшуыр арқылы дөңгелек қағаздың ортасына тамызады. Масса жайылып кетпеуін, бірақ қанық жасыл түсті болуын қадағалау керек. Ол үшін 1 рет емес, 2-3 рет тамызу қажет. Тамызылған пигменттері бар дөңгелек қағаздарды кептіріп, қағаз «тілше» түсетіндей етіп, бірақ дөңгелек қағазға тигізбей алдын ала бензин құйылған (шамамен 0,5 см) Петри табақшасының шетіне орналастыру керек. Петри табақшасын диаметрі үлкен табақшамен жауып қояды.
  Бөлінген пигменттерді бақылаймыз. Бензинде ерігіштігі әртүрлі және сүзгі қағазының адсорбциясына қабілеті әркелкі пигменттер түрлі жылдамдықпен жылжиды. Сәйкесінше, олар дөңгелек қағазда жеке аймақтармен орналасатын болады.
  Кейде бастапқы нүктеде байқалатын солғын жасыл аймақ бензинде ерімейтін белгілі бір топқа жататын хлорофилл болып табылады. Бастапқы нүктенің үстінде сарғыш жасыл түсті хлорофил, сосын көкшіл жасыл түсті хлорофилі болады. Әрі қарай ксантофилл (түсі каротиноидтерге ұқсас, ашық жасылдан қоңыр түске дейін болатын), кейін каротиндер (сарыдан қызыл сары және қызыл түске дейін болатын) болады.
  Түрлі өсімдіктен алынған нәтижелерді салыстырыңдар. Әртүрлі өсімдіктегі қандай да бір пигменттің басым немесе жоқ болуы туралы қорытынды жасаңдар.

×
×

Корзина