Мақсаты: Тұқымның өсімдік үшін неге маңызды екенін анықтау.
Болжам жасаңдар
Өсімдікке тұқым керек пе? «Егер өсімдіктерде тұқым болмаса, онда олар …» деген сөзбен бастап болжаңдар.
Өз болжамдарыңды тексеріңдер
1. Тұқымдарды (түсі, пішімі, көлемі) зерделеп қараңдар.
2. Ыдысқа ылғалданған мақтаны салыңдар. Мақтаның үстіне бес тұқым қойып, бетін басқа мақтамен жабыңдар (оны да ылғалдау керек).
3. Не болатынын қадағалаңдар. (Бірнеше күн бақылау керек).
4. Тұқымдар бөрте бастағанда, оның біреуін алып, қабығын жартылай аршыңдар. Тұқымның ішінде не бар екен?
5. Қорытынды жасаңдар. Нәтижелер сендердің болжамдарыңды растады ма?
6. Қалған тұқымды одан әрі қарай бақылаңдар. Тұқымнан алғашқы өскіндер пайда болғанға дейін қанша уақыт өтетінін анықтаңдар.
7. Неге тұқым өскін пайда бола салысымен өсіп кетпейді? Өз пікірлеріңді айтыңдар. Тұқымнан өскін пайда болу үшін не істеу керек?
8. Жұмыстарыңның нәтижесін дәптерлеріңе жазыңдар.