1. Түсініп оқы.
Домбыра
Домбыра ғана біліпті,Қазақтың барлық қайғысын.Кімің бар одан сүйікті –Шаппай бер оның бәйгісін.
Қайтпаған шерін батырдың,Домбыра ғана қайтарды.Айтпаған жырын ақынның,Домбыра ғана айта алды.
Атадан қалған сол мұра,Ұрпаққа бізді жалғай ма?Әркімнің жаны домбыра,Тек тарта білер қол қайда?!
Тұманбай Молдағалиев
2. Өлеңге сүйеніп, тұжырым жаса.
Домбыра – …
3. Өлеңді жаттап ал.
4. Зер салып тыңда.
Домбыра, сенде мін бар ма?Мінсіз болсаң – тіл бар ма?Тіл жоқ деуге бола ма,Тілден анық үн барда?Домбыраның күші молКөмейінде күй барда!
Сыңғырлады әсем күйҚоңыр Балқаш желімен.
Сылдырлады қамыстай,Бірде жуық жеделдеп,Бірде сарын алыстай.Бірде жерді су басты,Сел қаптаған дабыстай.
Ілияс Жансүгіров
5. Автор туралы әңгімеле.
Ілияс Жансүгіров1894–1938
6. Өлеңдердің құрылымына мән бер. Өлеңдегі теңеулерді тауып, белгі қой. Талдап айт. Ақын сұрақтарына жауап беруге бола ма?
7. Өлеңдегі сұрақ белгісінің қызметін анықта.
А. сұрақтарға жауап алу үшінВ. өлеңнің ұйқасы үшінГ. ойды, сезімді әсерлі жеткізу үшінД. өлеңнің құрылысы үшін
8. Домбыра туралы 5 жол өлең құрастыр. Теңеу сөздерді қолдан.
Корзина