Музыкадағы табиғат құбылыстары (жалғасы)

1-тапсырма. Ойтолғау.

   «Сусыз өмір жоқ», «Жел ауа тазартады» дегенді естігенің бар шығар. Әр табиғат құбылысының адам өмірінде алатын орны бар.

• Адам өмірінде су мен жел қандай орын алады?

• Судың пайдасы мен зияны қандай?

• Желдің қандай түрлерін білесің?

• Су апатынан сақтану үшін адам не істеу керек?

• Су мен желге байланысты қандай тақпақ, әндер білесің?

2-тапсырма. Зерттеу, талдау.

Ақ бұлақ әуені

Музыкасын жазған: С. Еркімбеков

• Шығарманы тыңдаған кезде көз алдыңа қандай көріністер елестеді?
• Автор музыкасында қандай көркемдеуіш құралдарды пайдаланды?
• Осы шығарманы Ә. Қастеевтің «Өмір-өзен» картинасымен салыстыр.
Айырмашылығы мен ұқсастығын тауып, түсінгеніңді айтып бер.

   Осы шығарманы бейнетаспаға жазылған «Танец воды» (қытай бишілерінің орындауында) биімен салыстыр. Айырмашылығы мен ұқсастығын тауып, түсінігіңді айтып бер.

«Өмір-өзен» Ә. Қастеев

3-тапсырма. Зерттеу. Талдау.

Жел әуені

Музыкасын жазған: С. Еркімбеков

«Күзгі жел». И.В. Ломанова

• «Жел әуені» шығармасын тыңдағанда көз алдыңа қандай көріністер елестеді?
• Автор музыкасында қандай көркемдеуіш құралдарды пайдаланды?
• Музыка арқылы желдің уілі қалай келтірілді?
• Осы шығарманы И. Ломанованың «Күзгі жел» картинасымен салыстыр. Айырмашылығы мен ұқсастығын тауып, түсінгеніңді айтып бер.
• «Жел әуені» шығармасының негізгі әуенін «ля» буынымен орында:

4-тапсырма. Ән үйрену және орындау.

«Жел» (өлеңін жазған: Н. Әлімқұлов, әнін жазған: М. Маңғытаев) әнімен жұмысты жалғастыр, үшінші шумағын үйрен.
• Әнді мәнерлеп орындауға тырыс.
• Осы әннің бірінші шумағын «канон» түрінде айтып көр. Мына кестеге қарап, сыныбыңмен бірге орында:

5-тапсырма. Бағалау.

1. Сабақта берілген тапсырмаларды қалай орындадым?
2. Орындағанда қандай қиындықтарға тап болдым?
3. Өз дайындығымды қалай жақсартар едім?

×
×

Корзина