«Ғасырлық туынды» бөлімі бойынша қорытынды сұрақтар мен тапсырмалар


1-тапсырма. «Абай жолы» романынан берілген үзінділерден бала Абайдың қандай қасиеттерін байқағандарыңды кестеге түсіріңдер. Абайдың бойындағы қасиеттер сенің бойыңда кездесе ме? Қай қасиетін өзіңе үлгі-өнеге тұтар едің?


2-тапсырма. «Абай жолы» роман-эпопеясынан мақтап сөйлеу актілерінің түрлеріне мысалдар теріп жазыңдар.
1. І жақта мақтап сөйлеу актісі:___________
2. ІІІ жақта мақтап сөйлеу актісі:__________
3. Өзін-өзі мақтап сөйлеу актісі:___________


3-тапсырма. Академик Зәки Ахметовтың «Абай жолы» атты мақаласын adebiportal.kz сайтынан оқып, Абай бейнесіне қатысты айтқан бағалы пікірлерін жинақтап жазыңдар.

Ү л г і :
1. «Ақын, ойшыл Абайды жазушы басты кейіпкер етіп ала отырып, айналасына топтасқан көптеген қаһармандармен (бұлардың ішінде аса ірі тұлғалар мол) тығыз қарым-қатынас үстінде жан-жақты ашады. Абай барлық оқиғалардың арасында жүреді. Бір қарағанда оған қатысы жоқ оқиға, сурет-көріністер оған Абайдың көзқарасы не оның тікелей араласуы арқылы жаңа мазмұн, мағынаға ие болып, жарқырап шыға келеді».
2.__________
3.__________


4-тапсырма. «Абай жолы» роман-эпопеясы бойынша ізденіс жұмысын жүргізіңдер.
1. «Абай жолы» романындағы мақал-мәтелдер.
2. Эпопеядағы тұрақты сөз тіркестері.
3. Романдағы салт-дәстүрдің көрінісі.


5-тапсырма. Абай дүниеге келген әйгілі Шыңғыстау өңіріне (abay-museum.kz/) виртуалды саяхат жасаңдар. Романдағы географиялық атаулардың мәнін ашыңдар.
Ү л г і :

×
×

Корзина