Қоршаған ортамызды сақтайық!

1-тапсырма. Музыка тыңдау және орындау.

Тақырып бойынша сыныптастарыңмен бірге «Атамекен » (өлеңін жазған: Ш. Сариев, әнін жазған: Ж. Тұяқбаев) әнін бейнетаспадан тыңдап, караоке түрінде әншімен қосылып орында.
• Әннің мәтінін талда. Отанымыздың табиғатын әңгімеле.

2-тапсырма. Орындау. Талдау.

Алдыңғы сабақтардан бастап дайындалған материалдар бойынша оқушылар «Экологтар», «Өртсөндірушілер», «Балықшылар», «Орманшылар» деген төрт топқа бөлініп, таныстырылым дайындауға кіріседі.

3-тапсырма. Шығармашылық. Таныстырылым.

   Топқа бөлінген оқушылар таныстырылым жасаған кезде:
• тапқан ақпаратты баяндайды немесе сахналық түрде көрсетеді;
• тақырыпқа қатысты құжаттар мен суреттерді көрсетеді (қажет болса);
• әр топқа арнайы жазылған әндерге дайындық жасап, таныс әуенге қосып орындайды;                                   

• таныстырылым аяғында әр топ дайындаған әнін сыныпта орындап береді.

1-топ: «Экологтар»

Қоршаған ортаның тынысы –
Ғажайып өмірдің ырысы.
Өзара үйлесім орнату –
Эколог маманның жұмысы.

2-топ: «Өртсөндірушілер»

Қауіп пен қатерден сақтайды,
Күні-түні бір тыным таппайды.
Кенеттен өрт шықса лаулаған,
Өртсөндірушілер сенімді ақтайды.

3-топ: «Балықшылар»

Табиғаттың сыйы бар балық деген,
Балықтың қасиетін танып келем.
Өсетін ортасының тазалығын,
Сақтайтын мамандарды анық білем.

4-топ: «Орманшылар»

Орманды қорғау – орманшының жұмысы,
Сезіп тұрар қалың орман тынысын.
Алуан түрлі міндеттерді атқарған,
Орманшының абыройлы мың ісі.

4-тапсырма. Бағалау.

1. Тақырып бойынша ойынның тапсырмасын қалай орындадым?
2. Дайындаған тапсырманың қай жағы дұрыс, ал қай жағы кем болды?
3. Орындау барысында қандай қиындықтар кездесті?
4. Таныстырылымымды қалай жақсартар едім?

×
×

Корзина