Музыка – болашақта

1-тапсырма. Ойтолғау. Музыка тыңдау.

Life for Water

Музыкасын жазған: Жан Мишель Жарр

Бейнебаяндағы «Life for Water» («Су өмір үшін») концерттік шоу француздық электронды музыкант Жан Мишель Жаррдың қатысуымен 2006 жылғы Мароккодағы Сахара шөлінде өтті. Юнеско демеушілігімен өткен концерттік-шоу бағдарламаны миллиондаған адам теледидардан, тікелей эфирден тамашалады. Сен де ашық аспан астындағы сахналық шоуды тамашала.

   Шоу – көңіл көтеретін бағдарламаға құрылған түрлі сипаттағы қойылым, іс-шара.
   Рэп дегеніміз – речитативтік (өлеңдетіп оқу)-ырғақтық музыка.

• Саған шоудағы қандай заманауи техникалық көркемдеуіш құралдар әсер етті (түрлі түсті жарықтық әсерлер, отшашулар, экран, электрондық және компьютерлік құрылғылар, дыбыс күшейткіштер және т.б.)?
• Музыкалық композиция саған ұнады ма?
• Сахналық қойылымға қандай музыкалық топтар қатысқан?
• Негізгі әуен қандай аспап арқылы орындалды?
• Байқаған боларсың, шоуда композитор сәулеленіп тұрған ерекше аспап қолданған. Ол – лазерлік арфа. Лазерлік арфа өзі дыбыс шығармайды, ноталарды басқа синтезаторларға бағыттайды.
• Музыкалық шоу саған ұнады ма? Болашақ музыкасы қандай болады деп ойлайсың?

2-тапсырма. Ойтолғау.

Reactable (реактейбл)

   Бейнебаяннан көрген лазерлік арфамен қатар испан өнер тапқыштары ойлап тапқан электронды музыкалық аспаптардың бірі – Reactable (реактейбл). Reactable (реактейбл)– сенсорлық беткейі бар домалақ үстел пішіндес аспап. Бетіне арнаулы дыбыс генераторлары орналасқан. Бұл аспапты бір адам немесе бірнеше адам қатар ойнай алды.

Бейнебаяннан реактейбл аспаптарының дыбыс шығарудағы мүмкіндіктерін көр.
• Қалай ойлайсың, болашақта мұндай элек тронды музыкалық аспаптар музыканттардың орындаушылық өнеріне кері ықпалын тигізуі мүмкін бе?

3-тапсырма. Әнді тыңдау.

Добрая мечта («Асыл арман»)

(жеке орындаушылар мен балалар хорына арналған)
Әні мен өлеңін жазған: С. Еркімбеков

1. Нұрлы аспан, жұлдыздар,
Таңғажайып ұл-қыздар.
Қол ұстасып бәріміз, ән шырқаймыз.
Асыл арман әлемінің
Достық, бірлік бар елдің, болашақтың жолына.

Қайырмасы:
Күн шығады, шапақ атып,
Жер гүлдейді бар әлемде, нұрлы елде.

 

2. Ты представь, все звёзды в небе
Светят сказочным светом детям.
Расцветая волшебной песней доброй мечты
Мы возьмемся за руки вместе,
Мы войдем в этот сад чудесный.
И увидим сказочный мир.

Қайырмасы:
Солнце взойдёт,
День к нам придёт,
Мир добра в дом наш войдёт,
И он расцветёт!

Композитор С. Еркімбековтің «Асыл арман» әнінде балалар қандай болашақ туралы армандайды?
• Ән сенде қандай сезім тудырды? (мақтаныш, қуаныш, болашаққа деген қызығушылық, сенімділік).
• Әннің орындалу ерекшелігін сипатта.
• Ән сүйемелін анықта (халық аспаптары, симфониялық оркестр, эстрадалық симфониялық оркестр, үрлемелі оркестр).

4-тапсырма. Әнді үйрену.

• «Асыл арман» әнінің бір шумағын үйрен . Асықпай сөзіне мән беріп, ырғағын сақта.
• Әндегі жеке орындаушы мен хор қосылатын жерді анықта.
• Мұғалімнің қойған талаптары мен көмегіне сүйен.

×
×

Корзина