Өсімдіктерді қалай сақтап қалуға болады?

- өсімдіктерді қорғау тәсілдерін ұсына аласың.

Қайталау сұрақтарына жауап бер

1. «Қазақстанның Қызыл кітабы» деген не?
2. Кітап қай жылы басып шығарылды?
3. Неліктен мұндай кітапты құрастыру қажет болды?
4. Өсімдіктерді не үшін қорғау керек деп ойлайсың?

Мәтін бойынша тапсырмаларды орында

Нұрәлі мен Әсел мектептен шыққан соң, кітапханаға қарай кетті. Жайма-шуақ күн еді. Балалар бір-біріне күлкілі әңгімелер айтып келе жатты. Кенет олар көгалды таптап, гүл теріп жүрген бірінші сынып оқушыларын көрді. Әсел мен Нұрәлі оларға жақындап келіп, көгалды таптамауын өтініп, неге олай істеуге болмайтынын түсіндіре бастады.

1. Әсел мен Нұрәліге бірінші сынып оқушыларының әрекеті неге ұнамады?
2. Нұрәлі мен Әсел бірінші сынып оқушыларына олай істеуге болмайтынын қалай түсіндірді деп ойлайсың?

Тапсырманы орындаңдар. Жұмыстарыңның нәтижесін сыныптастарыңмен талқылаңдар.

1-топ
1. «Қызыл кітаптың» не екенін түсіндіріңдер. Ол не үшін құрастырылған?
2. Өсімдік жойылып кетпеу үшін «Қызыл кітапқа» енгізу жеткілікті ме? Талдаңдар.
3. Өсімдікті сақтап қалуға көмектесетін тәжірибе әрекетін болжаңдар. Сызба түрінде көрсетіңдер.
2-топ
1. Кейбір жануарлар мен өсімдіктердің «Қызыл кітапқа» ену себебін талдаңдар.
2. «Қызыл кітапқа» енгізілген жануарларды аулауға тыйым салу себебін түсіндіріңдер.
3. Табиғатта жасауға болмайтын әрекеттерді шартты белгілермен көрсетіңдер.

Кестеге қараңдар. Қазақстанның қандай қорықтарында қанша өсімдік қорғалатынын анықтаңдар.

  Картаға қара (қосымша 1-ді қара). Қазақстанның қандай қорықтарында қанша өсімдік қорғалатынын анықта. Олардың бірнеше атауларын дәптерге жаз.

Білу үшін оқы
«Инсерт» әдісін қолдан.

Табиғат пен оның байлығы әр адам үшін өмірінің негізі болып табылады, сондықтан барлық адам оны аялай білуі керек. Қазақстанда экологиялық кодекс бар, онда біздің еліміздің барлық азаматына табиғатты және оның байлығын ерекше сақтауға көмектесетін негізгі ережелер жазылған.

Өсімдіктер мен жануарларды сақтап қалуға
көмектесетін тәртіп сақтау ережелері

1. Орман мен далада от жағуға болмайды. От көптеген өсімдіктер мен жан-жануарларды жоятын алапат өрт туғызуы мүмкін.
2. Табиғаттағы гүлдерден гүлшоғын жасауға болмайды.
3. Дәрілік өсімдіктерді олардың көп өсетін жерлерден ғана жинауға болады. Мұндай өсімдіктердің біразын міндетті түрде қалдыру керек.
4. Ағаштардың, бұталар мен шөптесін өсімдіктердің бұтақтарын сындырып, жапырақтарын, гүлдерін жұлуға болмайды.
5. Орманда, шалғында соқпақ жолмен жүру керек. Бұл өсімдіктерді таптаудан сақтайды.

Сабақты қорытындылау

1. Неліктен табиғатта белгілі бір ережелерді сақтау қажет?
2. Бұл ережелерді сақтамау неге әкелетінін болжап айт.

×
×

Корзина