Ауаны, сондай-ақ басқа да заттарды адамдар олардың қасиеттеріне қарай пайдаланады.
Ауаның икемділік қасиетін допты, автокөлік, автобус пен троллейбус доңғалақтарының шиналарын толтыру үшін қолданылады.
Ауа жылуды нашар өткізеді. Дәл осы қасиеті терезе дайындауда іске асады. Терезелерді екі немесе үш камералы етіп жасайды. Осылайша әйнектердің арасында аздаған ауа қалады. Ол даладан үйге суық ауа кіргізбейді, ал жылуды сыртқа шығармайды. Ауаның бұл қасиеті қыста адамдардың далада тоңбауына да көмектеседі, себебі дене мен киімнің арасында да ауа бар.
Өнеркәсіпте, мәселен, болат өндірісінде ауаның әртүрлі қасиеттері пайдаланылады.
Ауаның арқасында кейбір аппараттар – соғу балғасы (шойбалға), дәнекерлеу аппараты, жел генераторлары жұмыс істейді.
Адамдар ауаны сығуды үйренді. Ол акваландық баллондарды, кейбір электронды бөліктерді тазалау үшін қолданылады, пойыз бен метроның есіктерін ашып, жабатын да осы сығылған ауа.