Жүргізілген жұмыстарды қорытындылап, таныстырылым түрінде көрсетіңдер. Нәтижелерін сыныптастарыңмен талқылаңдар.
Жауап бер (иә немесе жоқ).
1. Физикалық құрылымына қарай пайдалы қазбалардың үш түрі бар.
2. Әктас, құм, күміс – бұлар жанбайтын пайдалы қазбалар.
3. Таскөмір отын ретінде қолданылады.
4. Мәрмәр – жанғыш пайдалы қазба.
5. Кеннен бензин алады.
6. Табиғи газдың басты қасиеті – жанғыштығы.
7. Қара металдар магнитке жабысады.
8. Сазбалшық, құм, цемент – бұлар пайдалы қазбалар.
9. Алтын, мыс, мырыш, алюминий – бұлар түсті металдар.
10. Барлық пайдалы қазбалар қасиеттеріне қарай үш топқа бөлінеді.
11. Құмнан шыны жасайды.