Жер бетіндегі тіршілікке ғарыш қалай әсер етеді?

- Жердегі тіршілікке ғарыштың әсерін анықтай аласың.

Қайталау сұрақтарына жауап бер

1. Ай деген не?
2. Неліктен Күн шығыстан шығып, батыстан батады?
3. Жер шарымызға Күн не береді?
4. Жер шарымызды ғарыштың зиянды әсерінен не қорғап тұр?

Нұрәлі топтық жұмыс ұсынады.

Зерттеңдер
1. Үстелдің үстіне глобус пен үстел шамын бір-біріне қарама-қарсы қойыңдар.
2. Жарықты қосыңдар. Қазір Жерде күндіз.
3. Жарықты сөндіріңдер. Енді Жерде түн.
4. Жарықты қайта қосыңдар. «Жер» мен «Күннің» арасына дөңгелек қалың қатырма қағаз қойыңдар.
Енді не болды?
Шындығында осылай болуы мүмкін бе? Болжап айтыңдар.
Мұндай жағдай неге әкелуі мүмкін? Ол Жердегі тіршілікке қауіпті ме?

  Сызбаға қара. Жер шарымыздағы тіршілікке қандай ғарыш нысандары әсер ететінін анықта.

Білу үшін оқы
«Инсерт» әдісін қолдан.

  Күн Жерге ерекше әсер етеді. Ол Жер шарымызға жылу мен жарық береді, соның арқасында Жер бетінде тіршілік жойылмайды. Күн Жер шарымызды өзіне тартып, қозғалысқа келтіреді.
  Алайда Күннің кері әсері де бар. Күннен кейде от шашырағанда ғарышқа көп мөлшерде Күн энергиясы бөлінеді. Жер бетінде бұл магнит дауылын тудырып, қатты найзағай ойнауына, поляр шұғыласына, адамдардың денсаулығының нашарлауына алып келеді.
  Жерге метеориттердің құлауы ғаламшар салмағының аздап артуына әкеледі. Жерге және оның тіршілік иелеріне кіші метеориттер қауіпті емес, ал ірі метеориттер үлкен апаттарға ұшыратуы мүмкін.
  Ғаламшарымызға оның ең жақын «көршісі» – Ай ерекше әсер етеді. Біздің серігіміз – өте үлкен нысан. Оның гравитациясы су деңгейінің көтерілуі мен қайтуын туғызып, Жер шарымыздың пішінін аздап өзгертеді.
  Айда мұндай кратерлердің саны жетерлік. Айға құлаған метеорит Жерге түспейді, яғни Ай – ғаламшарымыздың қорғаушысы.

Ай

Айдағы кратерлер

Суреттерге қара. Оларда қандай құбылыстар көрсетілгенін анықта.

  Мұндай құбылыс Күннің тұтылуы деп аталады. Ол толық немесе шала (жартылай) тұтылады. Адам Жерден бақылап қарағанда Ай Күнді толық немесе жартылай жабады. Күн тұтылғанда температура төмендеп, жан-жануарлар мазасызданады.

Қызықты деректер

• Айда атмосфера жоқ, сондықтан тіпті күндіз де онда жұлдызды түнгі аспан мен Жер көрініп тұрады.
• Адамдар Айға қонды, алайда бұл ғарыштық нысанды алғаш рет айналып шыққан тіршілік иелері ортаазиялық тасбақалар еді.
• Айдағы кратерлер саны баршылық. Ғалымдардың айтуынша, олардың кейбіреулері диаметрі 350 километр болатын үлкендіктегі метеориттердің құлауынан пайда болған. Ғалымдардың жорамалдауынша, 65 миллион жыл бұрын Жер шарымызда динозаврлар құрып кеткен, оның себебі ғаламшарға шамамен өзінен 50 есе (5–7 километр) кіші метеориттердің құлауы болуы мүмкін.
• Күннің диаметрі Жердің диаметрінен 109 есе үлкен.
• Ай айына бір рет Жерді толық айналып шығады.

Сабақты қорытындылау

1. Қандай ғарыш нысандары Жер шарымызға әсер етеді?
2. Неліктен Айды Жердің қорғаушысы деп атайды?
3. Ай мен Күн болмаса, не болатынын болжап айт.
4. Неліктен Айдың бетінде кратерлер көп?

×
×

Корзина