1.4. Екілік ақпаратты ұсыну

Нені үйренесіңдер?
Компьютерге арналған барлық ақпарат екілік жүйеде ұсынылғанын түсіндіруді

Тірек сөздер
Екілік код – Двоичный код – Binary code

Адам таңбаларды жазылуы бойынша ажыратса, компьютер екілік код бойынша ажыратады.

Екілік код – бұл хабарламаны 0 және 1 символдарының көмегімен жазуға арналған код.

Әдетте, біз ондық жүйені қолданамыз. Компьютер рөліне еніп, ондық жүйені екілік кодқа кодтап, 10-нан 20-ға дейінгі сандарды кодтау кестесін толтырыңдар.

Біз тек 0 және 1 цифрларын ғана қолданамыз. Сан осінде орналасқан сандарды 0 және 1 цифрларының көмегімен жазу қажет. Келесі санды алу үшін алдыңғы санға 1-ді қосып отырамыз. Математикалық заң ондық жүйе мен екілік жүйе үшін бірдей.
Ондық 2 саны 10 екілік саны түрінде түрлендірілетін болады:

Ондық жүйедегі 3 саны екілік жүйеде 11 түрінде жазылады:

Бұл процесс кодтау деп аталады. Ақпаратты кодтауда ақпарат бір түрден келесі түрге түрлендіріледі. Ондық жүйедегі кез келген санды екілік кодқа айналдыруға болады. 1.4.1-кестеде алғашқы он санның кодтар тізбегін компьютерге жіберуге болатындығы бейнеленген.

1.4.1-кесте

Ондық және екілік сандардың сәйкестігі

Кез келген таңбаны немесе санды биттер жиынтығы көмегімен беруге болады. Мысалы, бір бит 2 мәнді (0 немесе 1) кодтауға мүмкіндік береді. Екі битті қолдану арқылы төрт мәнді кодтауға болады: 00, 01, 10, 11. Үш битпен түрлі 8 мәнді кодтауға болады: 000, 001, 010, 011, 100, 101, 110, 111.
Компьютерлік алфавиттің барлық символдары 0-ден 255-ке дейінгі ретпен нөмірленген. Әрбір нөмірге сегіз разрядты екілік код 00000000-ден 11111111-ге дейін сәйкес келеді (1.4.1-сурет).
ASCII-ң халықаралық стандарты:
кестенің стандартты бөлігінен:
0 (00000000) … 127 (01111111), 0 … 31 – басқарушы символдар, 32…127 – латын алфавитінің әріптері, ондық цифрлар, басқа символдар;
кестенің баламалы бөлігі (кодпен берілу):
128(10000000) … 255 (11111111) тұрады.

1.4.1-сурет. Символдарды кодтау

1.4.2-кестеде ASCII екілік кодпен берілген кодтаудың стандарттық түрі көрсетілген.

1.4.2-кесте

Кодтық кестедегі барлық әріптер (үлкен және кіші) алфавиттік ретпен орналасқан. Мысал ретінде «system» сөзін жазып көрейік. Ондық кодтауда мына түрде жазылады: 115 121 115 116 101 109.
Бұл сөз компьютерлік жадта 6 байт орын алады. Ол сөздің екілік кодтағы мазмұны мына түрде бейнеленген: 01110011 01111001 01110011 01110100 01100101 01101101.

Кері есепті шығаруды талдаңдар. Екілік кодпен қандай сөздер жазылған:
01010010 01101111 01100100 01101001 01101110 01100001?

Екілік код – әмбебап код, оның көмегімен компьютердегі кез келген ақпаратты түрлендіруге болады (1.4.2-сурет).

1.4.2-сурет. Екілік кодтаудың әмбебаптығы

Білу және түсіну

1. Компьютерде ақпаратты кодтау үшін қандай код қолданылады? Кодтау, кері кодтау сөздерін орыс және ағылшын тілдерінде айтыңдар.
2. Кодтар кестесінің көмегімен неше символды кодтауға болады?
3. Ондық жүйені екілік жүйеге аудару процесін кодтау деп атауға бола ма?
4. Компьютер жадында бір символды кодты сақтау үшін неше байт қажет?
5. Екілік кодтаудың әмбебаптығы қалай тұжырымдалады?

Қолдану

6. Word мәтіндік процессорында символдарды кодтаңдар.
    – Word мәтіндік процессорын жүктеңдер.
    – Кірістіру (Вставка)/Символды кірістіру (Вставить символ) әрекетін орындау арқылы символдар кодын (1.4.3-сурет) анықтап, кестені толтырыңдар (1.4.3-кесте).

1.4.3-сурет. Символдар

«Отан – оттан да ыстық», «Кітап – білім бұлағы» деген мақал-мәтелдерді қазақ алфавиттерін кодтау кестесін пайдаланып орындаңдар.

Талдау

7. ASCII стандартты кодтау кестесін пайдаланып, хабарламаны кодтаңдар (1.4.4-кесте).

1.4.4-кесте

ASCII стандартты кодтау кестесін пайдаланып, хабарламаны кодтаңдар (1.4.5-кесте).

1.4.5-кесте

Жинақтау

8. ASCII стандартты кодтау кестесін пайдаланып, хабарламаны кодтан шығарыңдар (1.4.6-кесте).

1.4.6-кесте

9. «Шамдар коды» кестесі берілген. О – шам жанып тұр, О – шам өшіп тұр (1.4.7-кесте).

1.4.7-кесте

Бағалау

10. Келтірілген жолдағы мәндердің қаншасын кодтауға болады? Ұсынысты оқып, толтырыңдар.

    4 битті кодтайды –>

    5 битті кодтайды –>

    6 битті кодтайды –>

    7 битті кодтайды –>

    8 битті кодтайды –>

    9 битті кодтайды –>

   10 битті кодтайды –>

Үй тапсырмасын орындауға арналған ұсыныстар
Бір битті қосу – кодтауға болатын мәндерді екі есе көбейтеді:
1 бит ->2 түрлі мән (21 = 2) кодтайды (2 х 1 = 2);
2 бит -> 4 түрлі мән (22 = 4) кодтайды (2 х 2 = 4);
3 бит -> 8 түрлі мән (23 = 8) кодтайды (2 х 2 х 2 = 8).

Компьютерде екілік кодтарды сақтауда қолданылатын және екі орнықты күйдің біреуінде ғана болатын электрондық ақпараттарды беретін техникалық құрылғылар қолданылады (1.4.4-сурет).

1.4.4-сурет. Кодтауға арналған техникалық құрылғылар

1-тапсырма.

2-тапсырма.

×
×

Корзина