ҰЛТТЫҚ ҮЛГІДЕГІ ӘШЕКЕЙ БҰЙЫМЫН ЖАСАЙМЫЗ

  Бүгін сен зергер ретінде ұлттық әшекей түрін жасап көресің. Әрине, сен жасаған бұйымды нағыз әшекей деп айтуға болмас, өйткені зергер болу үшін көп үйреніп, асыл тастармен, металдармен жұмыс істеу керек. Алайда зергерлік бұйымның пішінін ойлап тауып, оған өрнек таңдап, әшекейлей отырып, өзіңді зергер ретінде сезіне аласың. Кім біледі, бұл іс саған ұнап, есейгенде осы бір қызықты мамандықты игерерсің.

1. Бірнеше ұлттық зергерлік бұйым түрлерін ата.
2. Олар не нәрсеге арналған?

  Саған қағаз, қарындаш, қалың фольга, ұшы үшкір, әртүрлі жуандықтағы біздер, сонымен қатар қалың қатырма қағаз және бұйымды безендіретін жақтау керек.

ЖҰМЫСТЫҢ ЖАСАЛУ РЕТІ

  1. Әшекейдің үлгісін жаса. Сырға жасайсың ба әлде шолпы жасайсың ба? Өңіржиек немесе басқа ұлттық әшекей түрін жасар сың? Шешіп ал.

  2. Фольганы үлгінің өлшемі мен пішіміне қарай қиып ал. Қалыңырақ фольганы таңдаған дұрыс.

  3. Қасықтың сырт жағымен не басқа заттармен фольганың бетін тегісте.

  4. Фольганы қалың журналдың немесе компьютер тінтуіріне арналған төсеніштің бетіне қойып, оның үстіне алдын ала жасап алған үлгіңді орналастыр да, үшкір құралмен бастырып шық.

  5. Үлгіні алып тастап, қалай шыққанын көр. Енді фольганың үстінен бастыр. Фольга жыртылып кетпеуі үшін қатты күш салып баспа.

  6. Фольганы теріс аударып, бастырылған сызықтардың жанынан тағы да параллель сызық жүргіз, сонда сурет шығыңқы көрінеді.

  7. Жұмы сыңа қарап тағы да ұсақ бөліктермен әшекейлеу керек пе екенін ойлан.
  8. Жасаған жұмы сыңды үлгінің пішінімен бірдей етіп қиып алуыңа болады. Бұл нағыз әшекей емес, үлгі болғандықтан, оны әдемілеп әшекейлеп, қабырғаға іліп қоя аласың.

×
×

Корзина