Суретші натюрморт салуды оны құрастырудан бастайды. Әртүрлі заттарды таңдап, салыстырады. Олардың ішінен түрі мен мазмұны жағынан бір-біріне сәйкес заттарды іріктеп алады.
Содан кейін натюрморттың композициясын құруға кіріседі. Заттардың орнын қайта-қайта ауыстырып, ең ұтымды нұсқасын іздей отырып, суретші аса тартымды композицияға қол жеткізеді.
Натюрморттағы заттардың орнын неше түрлі етіп құбылтуға болатынын мына суреттерден қара . Енді құрылған композицияларды салыстырамыз.