Мектеп – сенің екінші үйің. Сыныбың мен басқа тұрғын жайларға мұқият қара . Суретшілер сенің мектебіңе қалай тер төккені туралы ойлан. Сенде сыныбыңды әшекейлей аласың. Достарыңмен бірге сурет көрмесін ұйым дастырыңдар . Ең әдемі суреттерді таңдап алып, оларды паспартуға желімдеңдер. Паспарту – суретті безендіруге арналған жақтау не қатырма қағаз.
Матрицамен басу арқылы плакат жасауға болады. Матрица – әртүрлі таңба-бейнелер жасауға болатын пішін. Таңба-бейне – қағаз парағына бояу жағылған пішінді басу арқылы жасалатын бейне. Матрица жасау үшін өшіргіш, пенопласт, бөтелкенің қақпағын немесе шикі картопты пайдалануға болады.
Саған плакат жасау үшін қатырма қағаз парағы, бояу, палитра , матрица, желім, қайшы керек. Қағаз парағының ортасына матрица басу тәсілімен таңба сал . Суреттің айналасына құттықтауларың мен тілектеріңді жаз.
№1 жұмыс дәптерінің 16–19-беттеріндегі тапсырмаларды орында.