Өрнек

      Ою-өрнек – нақыштардың қайталанып, алмасып отыруы. Егер өрнек нақыштары бір сызықтың бойында бірінен соң бірі тұрса, онда ол жолақты өрнек болады. Шаршы және шеңбердің ішінеде өрнек құрауға болады.

  1. Ою-өрнектерге мұқият қара .                                                                                2. Олар қандай пішіндерден тұрады? 

      Өрнектер әртүрлі пішіндерден тұрады. Олар : дөңгелек, үшбұрыш, төртбұрыш, сопақша. Өсімдік тәрізді элементтерденде тұрады (жапырақ, гүл, жидек, ағаш бұтақтары ). Аппликация тәсілімен өрнек құрастыру қиын емес. Ол үшін әртүрлі пішіндерді қалып үлгімен қиып алу керек. Оларды қағаз парағының бетіне  кезектестіріп қояды. Бөлшектердің арасындағы қашықтықтың бірдей болғанын қадағалау қажет. Одан кейін ұқыптап желімделеді.

 №2 жұмыс дәптерінің 10–11-беттеріндегі тапсырмалар ды орында.

  Ою-өрнек құрастырамыз

  Ұлттық ою-өрнектер сан алуан нақыштардан тұрады. Олардың барлығы қоршаған ортадан алынған. Оны атауларына қарап-ақ білуге болады. Олардың бірі жануарлардың бейнесімен байланысты . Мысалы : «қошқарм үйіз», «арқар мүйіз», «түйетабан». Өсімдіктермен байланысты өрнектер бар . Оның ішінде «гүл» өрнегі кеңтаралған. Аспан әлемімен байланысты өрнектер бар . Олар : «ай»,«жұлдыз». Шеберлер бұйымдарды өрнектермен әшекейлей отырып, бұл бұйымдардың иелеріне бақыт , байлық, табыс тілейді.

ЖҰМЫСТЫҢ РЕТІ

     Түрлі түсті қағаз парағын екіге бүкте. Бүктелген тұсына «қошқармүйіз» оюының жартысының суретін  салып, оны қиып ал . Бүктеуін ашсаң, тұтас ою шығады.

Қиып алған өрнекті қағаз парағының бетіне қойып, төрт рет айналдырып сыз. Әрқайсысын қиып ал    Өрнектерді   түрлі түсті төрт бұрышты қатырма қағаз парағына орналастыр. Ұсақ пішіндермен толықтыр . Өрнектерге қара . Бәрі көңіліңнен шыға ма ? Түстік гаммасына назар аудар . 3–4 түстен артық түс пайдаланба. Өрнекті төрт бұрышты пішімге желімде.

 №2 жұмыс дәптерінің 12–13-беттеріндегі тапсырмаларды орында.

  ПАПЬЕ-МАШЕДЕН ӘШЕКЕЙЛІ  ТӘРЕЛКЕ ЖАСАЙМЫЗ

  1. Ұлттық ыдыс-аяқ түрлерін есіңе түсір.

  2. Оның ерекшеліктері туралы айтып бер.

    Папье-маше француз тілінен аударғанда «үгілген қағаз» деген мағынаны береді. Қағаз қиындыларын белгілі бір бұйымға желімдеп, оны көшіру арқылы жасалады. Біз тәрелке жасаймыз.

Саған мына заттар керек:

1) көлемі шағын тәрелке; 2) вазелин; 3) ескі газеттер; 4) ПВА желімі, желім жағатын қыл қалам ;5) бітеме (тегістеу мат ериал дары ); 6) зімпара қағаз;7) түрлі түсті фломастерлер; 8) гуашь бояулары мен қыл қалам ;9) әртүрлі өсімдік тұқымдары .

  ЖҰМЫСТЫҢ РЕТІ

1. Газет қиындыларын ұсақтап жырт .

2. Тәрелкенің ішкі жағына вазелинді молынан жағып шық. Сонда желімдеген пішін тәрелкеден тез шешіледі.

3. Газет қиындыларын суға малып алып, тәрелкенің майланған жағына жапсыр . Оларды бірінің үстіне бірін нығыздап жапсыр . Тәрелкенің жиегінен асырып желімде.

4. Соңғы қабатын ПВА желімімен жапсырып, оның бетіне газеттің құрғақ қиындыларын желімде. Осылайша 6 рет істе. Желімделген қабаттың саны 8 болуы тиіс.

5. Оларды тәрелкеге қатты қысып, 2 күнге кептіріп қой.

6. Желімделген пішін әбден кепкеннен соң,  оны тәрелкеден ақырын шешіп ал .

7. Бітемемен тегістеп қаптап шық. Бетін қолдың саусағымен тегістеген дұрыс. Кептіріп, тағы бір қабат пен қапта .

8. Одан кейін әбден кепкенше күт.

9. Егер тәрелкенің беті кедір-бұдыр болса, зімпара қағазбен тегістеуіңе болады.

10. Міне, енді тәрелкені әшекейлеуге кірісесің.

  ТӘРЕЛКЕНІ ӘШЕКЕЙЛЕУ

1. Тәрелкені аппақ күйінде қалдыруға болады. Гуашьпен бояуға да болады.

2. Гуашь кепкен соң бетіне фломастермен өрнек сал . Қағаздан өрнек қиып алып, желімдегің келсе, онда          тәрелкенің бетіне лак жағу керек.

3. Ұсақ бөлшектермен сәндегің келсе, тұқымдарды пайдалан.

4. Тәрелкенің артына қағаз қыстырғыш желімде.

      ТӘРЕЛКЕ ДАЙЫН!  ЕНДІ ҮЙГЕ ІЛІП ҚОЯ АЛАСЫҢ.

 № 2 жұмыс дәптерінің 14–15-беттеріндегі тапсырмаларды орында.

  ТАНЫСТЫРУ, ТАЛДАУ ЖӘНЕ БАҒАЛАУ

1. Ыдыс-аяқ жасайтын шебер туралы әңгіме құра .

2. Халқымыз ыдыс-аяқтарды неліктен ағаш, теріден жасаған?

3. Шеберлердің қолы нан шыққан бұйымдардағы өрнектер қандай тілек, ниетті білдіретінін есіңе түсір.

1. Өрнекті тәрелкені қалай жасағаныңды айтып бер.

2. Саған кім көмектесті? Жұмысты қалай бөлдіңдер?

3. Қандай тәсілмен орындадың?

4. Қандай ұлттық оюларды пайдаландың? Қандай тілек, ниетіңді білдіргің келді?

5. Жасаған жұмысың арқылы қандай көңіл күйді көрсеттің?

  Интернеттен ұлттық ыдыстар туралы мәліметтерді тауып оқып, сыныптастарыңмен бөліс.

  БІЛІМ МЕН БІЛІК ҚОРЖЫНЫ

1. Сәндік-қолданбалы өнер дегеніміз не?

2. Қолөнер бұйымдарын ата .

3. Әшекейлеу өнерінің мақсаты не?

1. Қандай ұлттық ыдыс-аяқтар дыбілесің?

2. Оны қандай материалдардан жасаған?

3. Қандай ұлттық ою-өрнектерді білесің?

4. Ою-өрнек дегеніміз не?

5. Бұл бөлімнен не үйрендің?

×
×

Корзина