Растрлық графикалық ақпарат – бұл экранда бейнелерді шығару кезінде әрбір пиксельдің түсі туралы берілетін мәлімет. Растрлық графикалық редакторлар растрлық форматтағы деректермен графикалық файлдарды қалыптастырады.
Растрлық графиканы қарастырамыз. Күрделі бейнелерді салу кезінде растрлық графиканы қолданған тиімді. Мұндай файл векторлық файлмен салыстырғанда көлемі өте аз болады. Растрлық графиканың көмегімен өте жоғары дәрежедегі сапалы фотобейнелерді алуға болады. Пиксельдер көлемі аз болған жағдайда да растрлық бейне сапасы фотосуреттерден кем болмайды. Растрлық суреттер принтерде оңай басылады. Растрлық бейнелерді құру принципі графикалық бейнелерді цифрлауға негізделген. Сканер, графикалық планшет, цифрлық фотоаппарат және бейнекамералар көмегімен оны компьютерде сақтауға болады. Растрлық бейне файлында әрбір бейнепиксельдің түсі туралы ақпарат биттер комбинациясы түрінде сақталады. Бейненің өте қарапайым түрі тек екі түсте (ақ және қара) беріледі. Әрбір бейнепиксельге жадтың бір биті – 21 сәйкес келеді. Егер бейнепиксельдің түсі екі битпен анықталса, онда ол төрт мүмкін комбинациялар түсінен 22 немесе 4 түстен тұрады. Жадтың төрт биті 16 (24) түсті кодтауға мүмкіндік береді. Жадтың 8 биті – 28 немесе 256 түсті, 24 бит – 224 немесе 16 777 216 түрлі түс реңктерінен тұрады. Қарапайым растрлық бейнелер жадтан өте аз көлем алады. Сапалы фотосуреттер бірнеше он немесе жүз килобайтты талап етеді.