Сөйлеу мәдениетіне үйренемін

51. Суреттерге қара.

• Балалардың қайсысы әдептілікті сақтамады деп ойлайсың?
• Жаяу жүргіншілер жолында неліктен ролик тебуге болмайтынын дәлелде.
• Көліктен шығар кезде жолаушыларға айтатын сөздерді таңда:
• Менің шығуым керек.
• Өтіп кетуге бола ма?
• Сіз келесі аялдамада түсесіз бе?
• Өтінемін, өтіп кетуіме бола ма?

52. Қоғамдық көлікте өзін қалай ұстау қажеттігі туралы ережені толықтырып жаз.

  1. Үлкендер мен балалы әйелдерге орын беру керек.
  2. …
  3. …
  4. …

• Өзіңнің осы ережені бұзған кезің болды ма?
• Үлкендерге орын бермеген балаларға қандай ақыл айтар едің?

53. Өлеңді оқы.

Балақайды жұбатып ек,
Апай айтты: «Рақмет!»
Малды өріске ұзатып* ек,
Атай айтты: «Рақмет!»
Көк шыбықты құлатып ек,
Айтпады ешкім «Рақмет!»

Бейсебай Кірісбайұлы

• Өлең не туралы?
• «Рақмет!» деп қай кезде айтады, қандай жағдайда айтпайды? Өз ойыңмен бөліс.

54. Көшіріп жазып, өзің қалаған сөздермен диалог құра.

Рұқсат етіңіз, мархабат етіңіз, мүмкін болса, ренжімесеңіз, мақұл, қалауыңыз білсін.

• Бұлардан басқа әдептілікті білдіретін қандай сөздерді білесің?

×
×

Корзина