Түбір мен қосымшаның жазылуы

36. Өлеңді тыңда.

            Түн

Ұясына күн батып,
Айналаны түн басты.
Дала мүлгіп балбырап,
Жым-жырттыққа ұласты.

Біз де үйге беттедік,
Енді әткеншек теппедік.
Ойнасақ та күнұзақ,
Құмарына жетпедік.

 

Түнде тыныс аламыз,
Тез-ақ ұйықтап қаламыз.
Жалғасына ойынның
Түсімізде барамыз.

Рахат Наурызбаева

• Өлең неліктен «Түн» деп аталған?
• Балалардың түнде әткеншек теппеу себебі неде?
• Түнгі мезгілді күндізгі уақытпен салыстыр.

Орфографиялық Сөздік

күнұзақ

37. Мәтінді қатесіз әрі көркем жаз.

Күндіз күн шығады. Ол айналаға нұрын шашады. Жер беті жап-жарық болады.

38. Пішіндерді сәйкестендіріп, өлең құрап жаз.

• Жазған өлеңдегі қарамен берілген сөздің түбірін тап.
• Түбір сөздің соңғы дыбысы неліктен өзгергенін түсіндір.

39. Ребусты шеш.

40. Өлеңді тыңда.

Жеті жасар баласын
Жетпісте шал жетектеп,
«Қайда әлгі мектеп?» – деп,
Жетпіс келеді сүрініп,
Жеті келеді жүгіріп.
 – Балам, балам, жақсы бол,

Міне, сенің мектебің.
Сабағыңа зейін сал,
Ақылды бол тентегім, –
Деп, жетпіс бір күрсінді.
Жеті нені түсінді?..

Қасым Аманжолов

• Жетпістегі ата неге күрсінді деп ойлайсың? Оның неге күрсінгенін бала түсінді ме? Өз ойыңмен бөліс.
• Қарамен жазылған сөздердің түбірін тап. Түбір сөздің жазылуындағы өзгерістің себебін түсіндір.

41. Сөздерді көшіріп жаз.

Халық – халқы, ерік – еркі, құлып – құлпы, орын – орны, бөрік – бөркі.

• Сөздерді салыстыр. Түбір сөздің жазылуын өзгерткен қосымшаны ата.
• Сөздердің жазылуын есте сақта.

42. Тізбектің басында тұратын сөзді тап.

• Түбір сөздерді қатыстырып сөйлем құра.

43. Сөйлемдерді мәтін шығатындай ретпен жаз.

Одан қалып қоюға болмайды. Уақыт тоқтамай сырғиды. Сондықтан бүгін істейтін істі ертеңге қалдырма.

• Жазған мәтін мазмұнына өз ойыңды айт.
• «Уақыт құнды», «Уақытыңды бағала» деп неліктен айтатынын топта талқыла.

×
×

Корзина