Сөйлем мүшелері

1. Мәтінді тыңда. Тақырыбына қарап, мәтін мазмұнын болжа.

Сәулет деген не?

  Бұрынғы заманда баспаналар бір-біріне өте ұқсас еді. Әдетте олар бұтақтардан, қамыстан, кейінірек сазбалшықтан тұрғызылды.
  Уақыт өте келе құрылыс салу ісі де өзгерді. Бай адамдар сәулетті сарайларда тұрғысы келді. Ондай сарайларды тұрғызу үшін шеберлік пен терең білім қажет болды.
  Тұрғын үйлерден басқа да құрылыстар – ғибадатхана*, стадион, театр, кітапханалар салына бастады.
  Мұндай кешендер құрылысын ойлап тапқан адамды сәулетші деп, ал олардың туындыларын сәулет өнері деп атайды.
  Сәулет өнері – адамдардың әдемі және ыңғайлы өмір сүруіне арналған өнер.

«Бейнелеу өнері» кітабынан

Мәтін мазмұнына тірек болатын сөздерді тап.
Мәтін бойынша бір-біріңе сұрақ қой.
Сәулетші деген кім? Мәтін сөздерін пайдаланып, жауап жазып көр.

Орфографиялық Сөздік

ғибадатхана

2. Сөйлемдердің қатесін түзеп, көшіріп жаз.

  Адамдар баспана салды баспаналар бір-біріне ұқсас болды кейін тұрғын үйден басқа да құрылыстар салына бастады.

Сөйлем туралы білетініңді еске түсір:
1) сөздер мағыналық жағынан бір-біріне байланыста болады;
2) аяқталған ойды білдіреді;
3) бірінші сөзі бас әріптен бастап жазылады;
4) соңына не ., не ?, не ! белгісі қойылады.
Сөйлемдерде неше сөз барын анықта.
Алғашқы сөйлемдегі сөздерге сұрақ қой.

  Сөйлем құрамындағы нақты сұраққа жауап беріп тұрған толық мағыналы сөздерді сөйлем мүшелері дейміз:

3. Суреттегі ғимараттардың атауын қатыстырып сөйлемдер құра.

Құраған сөйлемдеріңді жазып, әр сөйлемде неше сөйлем мүшесі бар екенін айт. Сөздiң үстiне оған қойылатын сұрақты жаз.

4. Жақшадағы сөздерді сөйлемнің мазмұнына қарай өзгертіп, мәтінді көшіріп жаз.

  Алматы хайуанаттар бағына келушілер тоғанда жүзіп жүрген (ләйлек) қызыға қарайды. (Ләйлек) көкқұтанға ұқсайды. Бірақ (ләйлек) қауырсыны ашық түсті болып келеді. Әрі бойы да биік.

Екінші сөйлемде неше сөйлем мүшесі бар екенін тап.

×
×

Корзина