Бастауыш

5. Мәтінді оқы.

  Киіз үй – тарихымыздағы ең алғашқы сәулеттік құрылыс. Көшіп- қонуға ыңғайлы. Киіз үйдің жалпы салмағы жиһаздарымен қосқанда 300–400 келіге жуық.
  Кереге, уық, шаңырақ, сықырлауық* – киіз үйдің негізгі бөлшектері. Кереге киіз үйдің негізгі қаңқасы болып есептеледі. Ол талдан, қайыңнан жасалады.

Сұрақтарға жауап бер.
1. Ата-бабамыз неліктен киіз үйді пайдаланған?
2. Киіз үйдің негізгі бөлшектеріне нелер жатады?
3. Кереге неден жасалады?

Орфографиялық Сөздік

жиһаз

6. Сөйлемдерді көшіріп жаз.

  Киіз үй тігілді. Атам төрге жайғасты. Балалар далада ойнады.

Қарамен жазылған сөздердің астын сыз, оларға сұрақ қой. Бұл сөздер қимыл иесі болып тұрғанын байқа.

  Қимыл, іс-әрекеттің иесін білдіретін сөзді бастауыш дейді. Бастауыш кім? кімдер? не? нелер? кімі? кімің? несі? нең? деген сұрақтарға жауап береді: Қимыл, іс-әрекеттің иесін білдіретін сөзді бастауыш дейді. Бастауыш кім? кімдер? не? нелер? кімі? кімің? несі? нең? деген сұрақтарға жауап береді: Ауылдан әкесі келді.

7. Суретке қара.

Сурет бойынша әңгіме құрап жаз.
Жазған сөйлемдеріңнен бастауышты тап.

8. Мына нақыл сөздерді көркем жаз.

  1. Шаңырағың шайқалмасын.
  2. Керегең кең, екі босағаң тең болсын.

Нақыл сөздердің мағынасын қалай түсінетініңді айт.
Киіз үйге қатысты тағы қандай нақыл сөздерді білесің?
Алғашқы сөйлемді сөйлем мүшесіне талда.

×
×

Корзина