Тұрлаусыз мүшелер

21. Мәтінді тыңда.

  Алматыдағы Абай атамыздың ескерткішінің авторы – Қазақстанның халық суретшісі Хакімжан Есімханұлы Наурызбаев.
  Ұлы Отан соғысы жылдары республикамыздың үкіметін басқарған Нұртас Оңдасынов Қостанай облысын іссапармен аралай жүріп, Ұзынкөлге де соғады. Аудан басшысының кабинетінде сазбалшықтан жасалған әртүрлі мал пішіндеріне көзі түседі. «Мұны жасап жүрген кім?» дейді бірден. Сөйтсе, олардың иесі Хакімжан есімді балаң жігіт екен. «Оқуға жүр» дейді. Ол үйде жұмыс істейтін өзі ғана екенін, анасы мен жас бауырларын тастап кете алмайтынын айтады. Нұртас аға Алматыға оралысымен Хакімжанның отбасына мемлекет тарапынанжағдай жасатып, өзін Мәскеу көркемсурет училищесіне оқуға жібертеді.
  Хакімжан аға мүсін өнерінің хас шебері еді.

Тілеуберді Меңдешұлынан

Мәтін кейіпкері саған ұнады ма?
Оның қай қасиеті ұнады?
Хакімжан ағаны «мүсін өнерінің хас шебері» деп неліктен айтады? Өз ойыңмен бөліс.
Х. Наурызбаевтың мына ескерткіштерден басқа тағы қандай мүсіндік шығармалары барын білесің?

Орфографиялық Сөздік

іссапар

көркемсурет

Шоқан Уәлиханов

Абай

Жамбыл

22. Тиісті тыныс белгісін қойып, сөйлемдерді көшіріп жаз.

  Нұртас аға Ұзынкөлге келді ол Хакімжанға көмектесті оны Мәскеуге оқуға жібертті.

Қарамен берілген сөздерге сұрақ қой.

  Сөйлемдегі бастауыш, баяндауыштан басқа сөйлем мүшелерін тұрлаусыз мүшелер деп атайды. Оларға қандай? кімге? неге? қашан? қайда? т.б. сұрақтар қойылады.

23. Суреттерге қара. Астындағы сөйлемдерді оқы.

Соңғы сөйлемде қандай сөз түсіп қалған? Ол сөйлемнің қандай мүшесі: бастауыш па, әлде баяндауыш па? Өз жауабыңды түсіндіріп айт.
Осы сөйлемдерге тұрлаусыз мүше қосып жаз.

24. Өлеңді оқы.

Атышулы* қалалар

Қалалар бар әлемде
Тамсандырған халықты.
Ол қалалар әр елде
Несіменен даңқты:
Париж– Эйфель мұнарасымен,
Москва – Кремлімен,
Вашингтон – Ақ үйімен,
Афина – Акрополімен,
Алматы несімен әйгілі?

Ескен Елубай

Өлеңдегі сұраққа жауап бер.
Өлең неліктен «Атышулы қалалар» деп аталған?
Суреттегі көріністер не себепті әйгілі екенін дереккөздерден біліп ал.

25. Қатесін түзеп жаз.

Ейфель мұнарасы – әлемдегі ең биік құрылыс. Оған саяхатшылар көп барады.

Сөйлемді сөйлем мүшесіне талда.

26. Ойлан, тап.

Айтыңдаршы ал енді,
Ұлы қорған бар елді.
Айтыңдаршы ал енді,
Пирамида бар елді.

Жауабыңды жаз.

27. Төмендегі сөйлем мүшесіне талдау үлгілеріне назар аудар.

  1. Сөйлемдегі қимылды, іс-әрекетті білдіретін сөзді тап. Оған не істеді? не қылды? қайтті? сұрақтарының тиістісін қой. Осы сұрақтарға жауап беретін сөз баяндауыш болады. Баяндауыштың астын екі сызықпен сыз.
  2. Сөйлемдегі қимыл, іс-әрекеттің иесін анықта. Сол сөзге сұрақ қой. Егер ол сөз кім? не? кімдер? нелер? сұрақтарына жауап берсе, онда ол бастауыш болады. Оның астын бір сызықпен сыз.
  3. Сөйлемдегі өзге сөздерге сұрақ қой. Олар сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері болады. Тұрлаусыз мүшелердің астын ирек сызықпен сыз.
  4. Сөйлем мүшелерінің байланысын сызбамен көрсет:

28. Жоғардағы сөйлем мүшелерінің талдау үлгісін басшылыққа алып, төмендегі сөйлемдерді талда.

  1. Ескерткіштер қорғауға алынған. 2. Сәулетшілерді кездесуге шақырдық. 3. Астана сәулетті құрылысымен ерекшеленеді. 4. Мен өскенде сәулетші болғым келеді.

×
×

Корзина