ӨЗІМ ТУРАЛЫ

Жаңалыққа құмармын​

1. Абай атаның «Ғылым таппай мақтанба» өлеңін есіңе
түсір. Ақынның ойын өз бетіңше жалғастырып айт.

2. Өлеңді түсініп оқы.

Жас техник

Жас техник дегендер –
Жай балалар демеңдер,
Техника тетігін
Меңгерген шеберлер.

Жас техник дегендер –
Жай балалар демеңдер,
Электрді ерттеген
Ержүрек ерендер.

Жас техник дегендер –
Жай балалар демеңдер,
Радионы басқарған
Өнерлі өрендер.

Жас техник дегендер –
Жай балалар демеңдер,
Ғарышқа жол салар
Солар болар кемеңгер!
!

Бүркіт
Ысқақов
(1924-1991)

3. Сызбаға сүйеніп, өлеңнің авторы туралы әңгімеле.

4. 20-беттегі суретке зер сал. Суреттегі балаларды сипаттап айт.

5. Ақынның ойын жалғастыр.

Жас техник дегендер

инженер

6. «Жаңалыққа құмармын» деген тақырыпта қандай сурет салар едің? Түсіндір.

Атамұра

×
×

Корзина