ӨЗІМ ТУРАЛЫ

Менің сүйікті тағамым

1. Қандай тағамды ұнатасың?

2. Жаңылтпашты жаңылмай айтуға дағдылан.

1. Есет атам ет асатар,
    Ет асатса, бес асатар.
2. – Мынау балқаймақ – қай балқаймақ?
    – Бұл балқаймақ – май балқаймақ.

3. Өлеңді түсініп оқы.

Тоқаш
Бердияров
(1925-1988)

Сусын туралы жыр

Жаз айында, шiлдеде
Қатты ысиды күн неге?
Бәрiмiз де шөлдеймiз,
Шөл басуды жөн деймiз.

Сусынға бай халқымыз,
Қандай тәттi бал қымыз!
Шалап, қатық, айран бар,
Iшiп алып ойнаңдар!

Iздегенге сусын көп…
Көже iшедi Тұрсынбек.
Көрдiңдер ме Қуатты,
Ұнатады ол шұбатты.

Байқасаңыз Күләштi,
Көп iшедi квасты.
Кiп-кiшкентай Айжан қыз
Жүре алмайды айрансыз.

Өзiмiздiң Инабат
Iшедi ылғи лимонад.
Жәмиланың жалғыз-ақ
Iздегенi – балмұздақ.

Сусынға бай халқымыз,
Қандай тәттi бал қымыз!
Айтқанымды iстеңдер:
– Тек шикi су iшпеңдер!

4. Өлеңнің авторын ата. Сызбаны пайдаланып әңгімеле.

5. Өлеңдегі балаларды атаңдар. Олар нені ұнатады екен?

6. Өлеңге сүйеніп, сызбаны толтыр.

7. Мектеп асханасында тамақтың түрлері көп-ақ.
Үзілісте қандай тағамды алар едің? Неліктен?
Тағы қандай тағамның болғанын қалайсың?
Досыңның таңдауы туралы пікір білдір.

8. «Тамақтану ережесін» толықтыр.

Тамақтану ережесі

1. Тамақтанарда алдымен қолыңды жу.
2. …
3. …
4. …

Атамұра

×
×

Корзина