МЕНІҢ ОТБАСЫМ ЖӘНЕ ДОСТАРЫМ

Ата-анамды құрметтеймін

1. Қазыбек бидің сөзін жатқа айт:

Құт-берекең – атаң қымбат,
Аймалайтын анаң қымбат,
Мейірімді апаң қымбат.

2. Түсініп оқы

  «Қабуснама» – ертеде жазылған үгіт-наси-
хатқа толы кітап. Оны жазған адамның есімі –
Кей Қауыс. Ол бұл кітапты өзінің ұлына арнап жазған.

3. «Қабуснамадан» келтірілген үзіндіні түсініп оқы.

Ата-ананы құрметтеу туралы

  Ей, перзентім, ата-ананы құрметтеуің қажет екенін ақыл-ой, парасат тұрғысынан байқап білгейсің. Өйткені әрбір перзенттің тегі – ата-ана ғой. «Не үшін ата-анама құрмет жасаймын?» деп ойыңа алма.
  Ей, перзентім, ата-анаңды ешқашан ренжітуші болма… Олардың көңіл күйіне қаяу салып, қапаландырмағын.
  Сені жан-тәнімен жақсы көріп, тәрбиелеп жүрген ата-анаңның көңілін қалдыратын құрттай іс жасасаң, сен ешбір жақсылыққа лайықты жан емессің. Өйткені кімде-кім ата-ананың жақсылығын білмесе, басқа біреудің жақсылығын да бағаламайды. Егер сен «Перзентім мені құрметтесін десең!», сен де ата-анаңды құрметте. Сен ата-анаңа не істесең, саған перзентің де соны жасайды. Перзент жеміске, ата-ана жеміс ағашына ұқсайды. Жеміс ағашын жақсы күтсең, жемісі де дәмді, жақсы болады. Сол сияқты ата-анаға деген ізет, құрметіңді аямасаң – саған деге олардың ізгі тілегі қабыл болғаны.

бала

сана, ақыл-ой.

реніш

Кей Қауыс
Парсы тілінен аударған – Тұрсынәлі Айнабеков

4. Мәтінді төмендегідей бөліктерге жіктеп, әр бөліктің шегін тауып оқы:

1. Ата-анаңды құрметте.
2. Ата-анаңды ешқашан ренжітуші болма.
3. Ата-анаңа не істесең, саған перзентің де соны істейді.

5. Осы бөліктердің бірін (қалауыңша) жаттап ал.

6. Ата-анаң саған қандай ақыл айтады? Тізіп жаз.

7. Ойланып, «Ата-ананы қалай құрметтеу керек?»
деген сұраққа бірнеше жауап жаз.

Атамұра

×
×

Корзина