Өнер-білім бар жұрттар

Айтыс өнеріне жаттығасың.

1. Ыбырай Алтынсарин кім? Ол туралы не білесің?

2. Түсініп оқы.

Қарлығаш әулие

Өнер-бiлiм бар жұрттар
Тастан сарай салғызды.
Айшылық алыс жерлерден
Көзiңдi ашып-жұмғанша
Жылдам хабар алғызды.
Аты жоқ құр арбаны
Мың шақырым жерлерге
Күн жарымда барғызды.
Адамды құстай ұшырды,
Мал iстейтiн жұмысты
От пен суға түсiрдi.
Отынсыз тамақ пiсiрдi,
Сусыздан сусын iшiрдi.
Теңiзде жүздi балықтай,
Дүниенi кездi жалықпай.
Бiлгендерге осылар
Бәрi-дағы анықтай,

Бiлмегенге танықтай;
Бiз де бекер жатпалық,
Осыларға таныспай.
Ат өнерi бiлiнбес
Бәйгеге түсiп жарыспай.
Желкiлдеп шыққан көк шөптей,
Жаңа өспiрiм достарым,
Қатарың кеттi-ау алысқа-ай,
Ұмтылыңыз қалыспай.
Бiз надан боп өсiрдiк
Иектегi сақалды,
«Өнер – жiгiт көркi» деп,
Ескермедiк мақалды…
Бiз болмасақ, сiз барсыз,
Үмiт еткен, достарым,
Сiздерге бердiм батамды.

Ыбырай Алтынсарин

3. Өлеңді пайдаланып, жұмбақ айтыс ұйымдастырыңдар.

Орфографиялық Сөздік

өнер
білім
айтыс өнері

4. Ата-анаң немесе туысыңның атқарып жүрген жұмыстарын есіңе түсір.
 Олардың еңбегін жеңілдету үшін не ойлап табар едің?

×
×

Корзина