МЕНІҢ ТУҒАН ӨЛКЕМ

Отанымды сүйемін

1. Сөзжұмбақты шеш.

1. Ұлттардың бірлігі, татулығы
2. Мемлекеттік рәміздеріміздің бірі
3. Ұлттың аты
4. Сені өмірге әкелген мейірімді жан

  • Қоңыр түсті торкөздердегі сөзді дауыстап оқы.

2. «Отан деген не?» дейтін сұраққа жауап беріп көр.

3. Мәтіндерді түсініп оқы.

Отан

Гүлдердің ертемен
Қауызын ашқанын,
Көктемнің көкпеңбек,
Мөп-мөлдір аспанын,
Таулардың қол жетпес асқарын –
Ұнатам бәрін де,
Өйткені ол Отан –
Ұлы Отан.
Бәрін де, бәрін де
Ұнатам,
Өйткені ол Отан –
Ұлы Отан.

Жақан Смақов

Отан туралы

Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем,
Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем.
Мен оның қасиетті тілін сүйем,
Мен оның құдіретті үнін сүйем.
Бар жәндігін сүйемін қыбырлаған,
Бәрі маған: «Отан!» – деп сыбырлаған.
Жаным менің, кеудемді жарып шық та
Бозторғайы бол оның шырылдаған.
Отан, Отан,
Бәрінен биік екен,
Мен оны мәңгілікке сүйіп өтем…

Мұқағали Мақатаев

Мұқағали
Мақатаев
(1931-1976)

4. Өлеңнің авторын ата. Сызбаға сүйеніп әңгімеле.

5. Өлеңдерге сүйеніп, көркемсөздерді тап.

6. Өлеңдерді ауызша салыстыр.

7. Өлеңдердегі соңғы жолдарды тауып, қайталап оқы.

8. Мәнерлеп жатқа айтуға дағдылан

Атамұра

×
×

Корзина