Судың да сұрауы бар

Пікірдің дұрыстығына дәлел келтіресің.

1. Пікір білдір.

 

1. Судың да сұрауы бар.
2. Су бергеннің сауабы бар.
    Су төккеннің жауабы бар.

Орфографиялық Сөздік

нағыз адам
құдық

2. Түсініп оқы.

Нағыз адам

  Аптап, қуаң даладағы жалғыз үйдiң қасында құдық бар. Бұл үйде атасы мен немересi тұрады.
  Құдық басындағы ұзын арқанға шелек байланған. Жолаушылар мен әрi-берi өткен адамдар құдыққа бұрылып, су iшедi, атайға алғыстарын жаудырады.
  Бiрде әлгi байлаулы арқан үзiлiп, шелек терең құдық түбiнде қалып қойды. Атайдың одан басқа шелегi жоқ едi. Су тартып iшуге ыдыс табылмады.
  Келесi күнi таңертең атайдың үйiне бiр арбалы шаруа келдi. Арбадағы сабанның астында шелегi көрiнiп жатыр екен. Жолаушы құдыққа көз жiберiп, атай мен немересiне бiр қарады да, атына қамшы басып, әрi қарай жүрiп кеттi.
  – Бұл не қылған адам? – деп сұрады немересi атасынан.
  – Бұл адам емес, – дедi атасы.
  Түске таман атайдың үйi тұсынан екiншi жолаушы өтiп бара жатты. Ол арбасындағы сабанның астынан шелегiн алып, арқанға байлады да, құдықтан су тартты. Өзi қанғанша iшiп, атай мен немересiнiң де шөлiн қандырды, қалған суды құрғақ құмға төге салды да, шелегiн қайтадан сабан арасына салып, жүрiп кеттi.
  – Бұл не қылған адам? – деп сұрады немересi атасынан.
  – Бұны да әлi адам деуге болмайды, – дедi атасы.
  Кешке қарай атай үйiнiң маңына тағы бiр кiсi тоқтады. Ол арбасынан шелегiн алып, арқанға байлады, су тартып, сусынын қандырды, содан соң алғысын айтып, жүрiп кеттi. Ал шелегi құдық басында арқанға байланған қалпында қала бердi.
  – Бұл қандай адам? – деп сұрады немересi.
  – Мiне, бұл – нағыз адамның өзi, – деп жауап бердi атасы.

Василий Сухомлинский

3. Қара түспен берілген тіркестерді түсініп оқыңдар. Әр топ осы пікірге құрылған оқиғаны әңгімелеңдер.

4. Берілген сурет мәтіндегі қандай пікірге сәйкес келеді? Осы мәтін бойынша сен қандай сурет салар едің?

5. Берілген пікірлерге сүйеніп, өмірде кездесетін оқиғалардан нақты
 мысал келтіріңдер. Суды үнемдеу қай адамға қатысты?

1. Бұл адам емес.
2. Бұл – нағыз адамның өзі.

6. Суды үнемдеу ережесін құрастырыңдар.

×
×

Корзина