– Айт құтты болсын!
– Айтсын, жақсылығы бірге болсын!
– Жыл он екі айда бір келген жарықтық «айт» қой, бұл күнді көрген де бар шығар, көрмеген де бар шығар.
Ауыл адамының бәрі қыбырлап, ерсілі-қарсылы кезіп жүр. Бәрі де әдемі киінген. Жүздерінде қуаныштың белгісі бар. Жерошақ біткеннің көбінде асылған қазан, ақ көбігі бұрқылдап ет қайнап жатыр…
Бір топ қыдырып, «айттық» алып жүр.
Ауыл гу-гу.
– Айт құтты болсын!
– Жақсылығы бірге болсын!
Бейімбет Майлин