Туған өлкемді жырлаймын

1-тапсырма. Ойтолғау. Орындау. Талдау.

Әр адамның өз туған жері, туған өлкесі бар. Адам қайда жүрсе де, туған жері қымбат әрі ыстық.
1-сыныпта үйренген «Менің Отаным» (авторлары: Ө. Байділдаев – Б. Ысқақов) әнінің бірінші шумағын есіңе түсір, ұжыммен бірге орында. Сөздеріне мән беріп, түсінгеніңді айт:

«Отан – менің ата-анам,
Отан – досым, бауырым.
Отан – өлкем, астанам,
Отан – туған ауылым».

2-тапсырма. Зерттеу. Талдау.

Мына сұрақтарға жауап бер:
• Туған өлкеңді, ауылыңды, мектебіңді сен қалай қадірлейсің?
• Туған жеріңде, мектебіңде, сыныбыңда мақтанатындай қандай жақсы дәстүрлер, қызықты оқиғалар бар?
• Сенің тұратын жеріңе, мектебіңе арналған әндер бар ма?

3-тапсырма. Шығармашылық. Ақпарат іздеу.

«Музыкалық сыйлықтар» (ойын)

  Шарты: Топпен жұмыс. Алдын ала мұғалім «Өлкем – алтын бесігім», «Мектебім – білім ордасы», «Сынып – достық мекені» деген үш топқа бөліп, оқушыларға тапсырма береді.
  Тапсырма: топтар атауы бойынша туған өлкес і (облыс, аудан аймағы, қала, ауыл), мектебімен оқып жатқан сыныбы туралы мәлімет жинайды. Мысалы, ғаламтор желісінен бейне таспаларды көреді, кітапханадан қажетті кітап, суреттерді, әндер мен өлеңдерді т.б. құжаттарды іздеп табады, ата-аналардан, мұғалім, оқушылардан сұхбат алады және т.б. ізден іс жұмыстарын жүргізеді. Бірге оқып жүрген сыныптастары, мұғалімдері туралы қызықты оқиғалар мен жеткен жетістіктері және т.б. жөнінде ақпараттарды зерттеп , талдау жүргізеді.

4-тапсырма. Таныстырылым.

Топқа бөлінген оқушылар таныстырылым жасаған кезде:
• тапқан ақпаратты баяндап береді немесе сахналайды;
• тақырыпқа қатысты құжаттар мен суреттерді көрсетеді (қажет болса);
• өлеңнің әр жолындағы көп нүктенің орнына ұйқасатын сөзді дұрыс тауып, таныс әуенге қосып, өздерінше дайындық жүргізеді;
• таныстырылым аяғында әр топ дайындаған әнін сыныптың алдында орындайды.

Репетиция – (латын тілінде «қайталау») дайындықтың бір түрі. Дұрыс нәтижеге жету үшін шығарманы бірнеше рет қайталатып орындайды.

1-топ: «Өлкем – алтын бесігім»

2-топ: «Мектебім – білім ордасы»

3-топ: «Сынып – достық мекені»

5-тапсырма. Бағалау.

1. Тақырып бойынша ойынның тапсырмасын қалай орындадым?
2. Дайындаған тапсырманың қай жағы дұрыс, ал қай жағы кем болды?
3. Орындағанда қандай қиындықтар кездесті?
4. Таныстырылымымды қалай жақсартар едім?

×
×

Корзина